Министр ұялы байланыс саласында қандай өзгерістер болатынын айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© 3dnews.ru © 3dnews.ru

ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ведомствоның байланыс қызметін көрсету ережесіне жаңа өзгертулер енгізгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ведомствоның байланыс қызметін көрсету ережесіне жаңа өзгертулер енгізгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Министрдің айтуынша, бұл өзгертулер ұялы байланыс абоненттері көптен бері айтып жүрген бірқатар проблеманы шешуге бағытталып отыр.

"Осыған бірнеше мысал келтіре кетейін. Жаңа ереже байланыс операторларына жеке шотта қаражат болмаған жағдайда қызмет көрсетуге тосқауыл қойып отыр. Бұл - негізінен роуминг қызметіне қатысты. Осылайша, біз абоненттік номердің "минус" болуының, яғни қарыз болып қалуының алдын аламыз.

Сондай-ақ, бұдан былай ауыстырылған номерге қоңырау шалу кезінде "beep" қосу сигналын еріктен тыс орнату практикасы жойылады. Енді шақыру сигналының алдында қосымша акустикалық сигналдар мен паузаларды орнату абоненттің өтінішімен ғана іске асады", - деп жазды министр.

Сонымен қатар, абонентке ussd командасы немесе смс жіберуді енгізу арқылы қосымша байланыс қызметтерін таңу проблемасының шешілгені айтылады.

"Енді клавишті қателесіп басу, кездейсоқ хабарлама жіберу немесе басқа да байқаусызда болған әрекеттер салдарынан қажетсіз қызметтерге қосылып кетпейсіз. Жақын уақытта құжаттың толық мәтіні БАҚ-та жарияланады, осыдан кейін 10 күннен соң ол күшіне енеді", - деді Дәурен Абаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro