Мұхамедиұлы Nomad Way фестивалі жайлы: Тамаша жоба

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Nomad Way көшпелі халықтар фестиваліне қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Nomad Way көшпелі халықтар фестиваліне қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл тамаша әрі ерекше жоба. Бір-біріне ұқсас жобалар көп, бірақ Nomad Way - музыканттардың жоғары кәсібилігін көрсететін фестиваль. Nomad Way ұйымдастырушыларына көп алғыс айтқым келеді. Әлемнің мықты музыканттары келді. Осындай алуан түрліліктің бары қандай жақсы", - деді министр фестивальдің үшінші күні аяқталған соң.

Оның айтуынша, Nomad Way музыканың шегі жоқ екенін дәлелдеді.

"Осы фестивальдің ұйымдастырушылары музыканттарды қазақ тілінде ән орындауға көндіргені үшін көп рақмет айтамын. Ең қызығы, орындалған әндердің барлығы бізге таныс, бірақ олар басқаша айтылды. Біз оны басқаша қабылдадық, әндердің дыбысталуы да өзгеше. Әндердің бір қалып айтылғанына үйреніп қалғанбыз. Ал ұлттық аспаптарда бұл әндер басқа қырынан толықтай ашылып жатыр", - деді министр.

© Тұрар Қазанғапов

Айта кетейік, министр фестивальді бірнеше рет тамашалап қайтқан. Сондай-ақ, Мұхамедиұлы шығармашылық топтардың орындауындағы әндердің жоғары деңгейде екенін айтып өтті. "Мен олардың өздерінің музыкасы арқылы біздің мәдениетіміз бен дәстүрімізді насихаттайды деп сенемін", - деді мәдениет және спорт министрі

Жалпы Nomad Way шоуына түрлі елден 22 топ қатысады: DJ Нариман Исенов (Қазақстан); "Тиграхауд" тобы (Қазақстан); "Алдаспан" тобы (Қазақстан); Violons Barbares тобы (Болгария/Моңғолия/Австрия); "Aббос" тобы (Өзбекстан); "Арғымақ" (Башқұрстан); Tilla Torok’s Band тобы (Венгрия); Талғат Хасенов (Татарстан); Namgar тобы (Бурятия); Magic of Nomads тобы (Қазақстан); Shono тобы (Бурятия); Zaman тобы (Башқұрстан); Nordic Namgar тобы (Норвегия/Бурятия); Gulzada (Қырғызстан); Avesto тобы (Тәжікстан); Чылтыс Таннагашева ( Шория); Б. Байрышев пен А.Чичаков (Алтай); Еділ Хұсаинов пен Satzhan Project (Қазақстан); "Айархаан" тобы (Якутия); Радик Тюлюш пен "Чалама" тобы (Тыва); Baba Zula тобы (Түркия).

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro