Қазақстандық бизнес мұнай бағасының төмендеуіне байланысты ұзақмерзімді келісімшарт жасаудан қауіптенеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жөнінде Алматы қалалық әкімдігінде өткен "Мемлекеттік тапсырыс-2015" шарасында "Самұрық-Қазына Контракт" ЖШС бас директоры Серікбек Елшібеков мәлім етті.
Қазақстандық бизнес мұнай бағасының төмендеуіне байланысты ұзақмерзімді келісімшарт жасаудан қауіптенеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жөнінде Алматы қалалық әкімдігінде өткен "Мемлекеттік тапсырыс-2015" шарасында "Самұрық-Қазына Контракт" ЖШС бас директоры Серікбек Елшібеков мәлім етті.
Оның айтуынша, себеп - кәсіпкерлердің қиын жағдайға қалып қоямыз деп қауіптенуі. "Мұнай бағасының төмендеуі дәл қазір компаниялардың қол қойған келісімшарттарын тоқтатып тұр. Бұл тек бюджетті қайта қарауға ғана қатысты емес, сонымен қатар кәсіпкерлерді қиын жағдайда қалдыруы мүмкін, мұнайдың бағасы қанша болары әзірше белгісіз", - деді Елшібеков.
Елшібековтің сөзіне қарағанда, осы күнге дейін "Самұрық-Қазына" құрамындағы компаниялар жалпы сомасы 1 триллион 147 миллиард теңгені құрайтын 771 ұзақмерзімді келісімшартқа қол қойған. Оның 171-і Алматыда жасалған. "Қазақстан Премьер-министрінің тапсырмасы бойынша ұйым компанияларының басым бөлігі бесжылдық ұзақмерзімді өндірістік жоспарларды іске асырды. Сол жоспарлардың негізінде сатып алулардың бесжылдық жоспары орындалды. Осының арқасында ұзақмерзімді келісімшарттар белсенді дами түсті", - деді ол.
"Самұрық-Қазына" өкілінің сөзіне қарағанда, ұзақмерзімді келісімшарттар Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі кезінде жасалады. Айта кетейік, осы кездесуде "Самұрық-Қазына" басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев 2014 жылы холдингтің сатып алуларындағы қазақстандық үлес 71 пайызға жеткенін хабарлады. Елшібеков жергілікті үлесті анықтау үшін арнайы мониторинг жүйесі құрылғанын айтты. Сонымен бірге, "Самұрық-Қазына" сатып алуларына электронды құжат тапсыруды енгізудің арқасында жеткізушілер 2014 жылы 5 миллиард теңгеге жуық қаражатты үнемдеді. Бұл іссапарлар шығыны мен құжаттарды көшірмелеуді азайтудың арқасында мүмкін болды. Елшібеков "Самұрық-Қазына" жеткізушілерге тендерлер туралы ақпарат беретін порталды іске қосқанын да айтты. Әлеуетті тауар іздеу кодтардың көмегімен жүзеге асады.
Еске сала кетейік, бұған дейін мұнайдың бағасы одан әрі төмендеп бара жатқаны хабарланған болатын. Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 1 желтоқсанда 68 доллардан төмен түсті. Айта кетейік, сарапшылар жақында бұл баға 60 долларға дейін құлдырайды деп отыр. Бұл ОПЕК-тің мұнай өндіруде белгіленген квота мөлшерін сақтап тұру туралы шешіміне сәйкес төмендеп отыр.