03 маусым 2015 | 15:35

Назарбаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 28-отырысына қатысушылармен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Мемлекет басшысы "Гленкор Интернешнл" компаниясының бас атқарушы директоры Айван Глазенбергті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде компанияның Қазақстан индустриясын дамытуға қатысуының негізгі бағыттары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары қарастырылды.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы "Гленкор Интернешнл" компаниясының бас атқарушы директоры Айван Глазенбергті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде компанияның Қазақстан индустриясын дамытуға қатысуының негізгі бағыттары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары қарастырылды.

Мемлекет басшысы компанияның еліміздегі кәсіпорындары тұрақты жұмыс істеп, экономиканың дамуына оң ықпал етіп отырғанын және Жәйрем тау-кен байыту комбинатын меншігіне алуының маңыздылығын, оның айтарлықтай әлеуетке ие екенін атап өтті.

Ал Глазенберг Жәйрем кенішін одан әрі дамыту компанияның шикізаттық базасын кеңейтуге мүмкіндік беріп, қорғасын-мырыш саласының ұзақмерзімді тиімділігін арттыруға ықпал ететініне тоқталды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 28-отырысына қатысуға келген "Камеко" компаниясының бас басқарушы директоры және президенті Тим Гетцельді қабылдады. Әңгіме барысында тараптар Қазақстандағы уран өндіру саласының даму перспективасын талқылады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Гетцельдің Кеңес жұмысына қатысатынына ризашылығын білдірді.

"Камеко" компаниясының Қазақстандағы қызметінің тарихы қалыптасып келеді. Компания 1996 жылдан бастап Инкай кенішінде жұмыс істей бастады. Осы уақыт аралығында ол табысты жобалардың біріне айналды. Сондықтан біз Сізбен бейбіт мақсаттағы атомды игеру саласындағы ынтымақтастықты жалғастырғымыз келеді. Осыған байланысты келісімге қол қою біздің елге және сіздің корпорацияға пайдалы болады деп үміттенемін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Гетцель өз кезегінде  "Камеко" және "Қазатомөнеркәсіп" компаниялары арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, Елбасы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 28-отырысына қатысуға келген "Ситигруп" компаниясының бас атқарушы директоры Джеймс Коулзбен де кездесті. Кездесу барысында Кеңес қызметінің басты бағыттары, сондай-ақ Қазақстанның бұдан әрі қарай дамуының бес институционалдық реформаны қамтитын негізгі жоспарлары талқыланды.

Мемлекет басшысы компанияның біздің елдегі жұмысын және шетелдік инвесторлар кеңесінің қызметіне қатысуының маңыздылығын атап өтті.

"Біз "Ситигруп" сияқты ірі конгломератпен ынтымақтастықты бағалаймыз. Компания Қазақстанда белсенді жұмыс атқарып отырғанын және оның еліміздің экономикасын дамытуға қатысу әлеуеті зор екенін атап өткім келеді. Қазіргі уақытта біз бизнес жүргізу үшін заңнаманы жетілдірумен айналысып жатырмыз, сондықтан сіздің топтың осы үдерістегі тәжірибесі мен көмегі біз үшін өте маңызды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Коулз Қазақстан Президентіне елде шетелдік корпорациялардың жемісті инвестициялық қызметіне жағдай жасалғаны үшін алғыс айтты.

"Таяуда біздің компанияның Кеңес жұмысына көмегі өте құнды болуы мүмкін деп есептейміз. Біз Қазақстанға 1994 жылы келдік. Көрсетіп отырған қолдауыңыз үшін Сізге алғыс айтқым келеді. Біз Қазақстанның әлеуеті мен болашағына сенеміз. Ел алдына қойылған міндеттер жете ойластырылған әрі сараланған деп санаймыз", - деп атап көрсетті "Ситигруп" компаниясының бас атқарушы директоры.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети