"Пандемиядан әрең шыққан бизнесті тұқыртуға дайын" - мәжілісмен онлайн-аударымдарға салық туралы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс депутаттары мобильді аударымдарға салық салу жоспары қандай екенін түсіндіруді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаттары мобильді аударымдарға салық салу жоспары қандай екенін түсіндіруді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутат Мақсат Раманқұлов қаржы министрі Ерұлана Жұмабаевтың атына жолдаған сауалында шенеуніктердің мобильді аударымдарға салық салу туралы ұсынысы алақол кәсіпкерлерден бөлек қарапайым тұрғындарға да қолайсыздық тудыратынын айтты. 

"Ақ жол" депутаттық фракциясы кәсіпкерлердің салық төлеу міндеттеріне дауласпайды. Бірақ кез келген салық экономикалық тұрғыдан негізделуі тиіс, ал жаңа бастама туралы ақпарат қарама-қайшы, айтылған дәлел сынға шыдамайды. Онлайн-аударымдарға салық салу жоспарлары мен оны енгізуге негіз болған нақты экономикалық есептеулер туралы ресми түсінік беруді сұраймыз", - деп сұрады депутат.

Раманқұловтың айтуынша, пандемия денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау саласындағы цифрландырудың әлсіз екенін көрсетті, Қаржы министрлігінде де "жағдай мәз емес".

"Қоғам да, кәсіпкерлер де шенеуніктердің тәуекелдерді бағалау арқылы оларға ғана түсінікті белгілермен қай аударым бинеске түскенін, қайсы ата-анасы студентке жіберген ақша екенін анықтай алатынына сенбейді.

Тәуекелдерді басқару жүйесіне он жарым жыл өтсе де жүздеген адам өзіне тиесілі емес автомобиль немесе жылжымайтын мүлік үшін, тіпті бірнеше жыл жиналған айыппұлдармен салық туралы хабарлама алады; адамдар бұрын төлеп қойған қарызы үшін елден шыға алмай қалады. Олар мемлекеттік органдардың деректер базасындағы қателерді дәлелдеп, түзетіп жүргенде уақыт жоғалтып, жүйкесін тоздырады", - деп атап өтті депутат.

Ол осы сегменттегі толық бақылау, әсіресе бұл карталар мен электрон әмияндарды бұғаттаумен және басқа тыйым салатын шаралармен байланысты болса, қаржы саласындағы цифрландырудың беделін түсіреді және бөлшек сауданы электрон төлемдерден бас тартуға және қолма-қол ақша банкнотаға оралуға мәжбүр етеді деп түсіндірді.

"Біз идея авторларының логикасына таңғаламыз. Мемлекет басшысы шағын және микробизнесті салықтан босатады, ал салық органдары пандемиядан әрең шыққан бизнесті одан ары тұқыртуға дайын. Салықтардың жаңа түрін енгізу кәсіпкердің тауарлар мен қызметтердің бағасын өзгертуге әкеледі. Мемлекеттік кірістер комитетінің мұндай шараны қарапайым адамдарға әсер етпейді деген дәлелдері шындыққа жанаспайды", - деп қорытындылады депутат.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course down  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro