Александр Князев. ©Ярослав Радловский
Саясаттанушылар Украинадағы қазақстандық бизнестің келешегі туралы әңгімеледі деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Саясаттанушы Александр Князев қазір Украинаның біртұтас мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатқанын айтады. Оның айтуынша, оқиғалар дамуының бірнеше сценарийі болуы мүмкін: сыртқы ашық араласусыз немесе сыртқы қарулы күштердің тікелей араласуымен азаматтық соғыс немесе аймақтар арасындағы қарусыз текетірес, аумақты басқарудан айырылатын саяси дағдарыстың созылуы, орталықты шартты түрде мойындаумен бірге өзін өзі басқару жүйесіне ауысу. Князевтің пікірінше, оқиғалардың бұлай өрбуі Украинадағы қазақстандық бизнеске кері әсер етеді. "Украинадағы қазақстандық бизнес үшін қиын кезең басталды. Отандық кәсіпкерлерге қазіргіден де үлкен тәуекелдерге баруға тура келеді. Мұның бәрі - украин мемлекеті тарапынан олардың мүддесі қорғалатынына ешқандай сенім жоқ деген сөз", - дейді саясаттанушы. Оның айтуынша, бизнес заңнамалар мен кепілдіктердің орындалуын талап етеді, ал елдің бөлінуіне немесе орталықтан айырылуға әкеліп соғатын сценарий кезінде мұндай жағдайлардың ешқайсысы болмайды. Саясаттанушы Рустам Бұрнашев болса, мүлдем басқа пікірде. Ол Украинада ондай құлдырау болмайды деп есептейді, дегенмен ішкі қайшылықтар сақталады. Бұрнашевтың айтуынша, Украина - Қазақстан үшін маңызды экономикалық серіктес. Бірақ келтірілген экспорт пен импорт құрылымдарына қарағанда, серіктестік тек ірі бизнес деңгейінде ғана болады. Ал Украинадағы өзгерістер бұған еш әсер етпейді. "Біздің бизнеске тұрақты құқықтық кеңістіктің қажет екені - талас туғызбайтын тезис. Мен Қазақстандағы украин бизнесі үшін де, Украинадағы қазақстандық бизнес үшін кезінде бекітілген сол жазылмаған ережелер сол күйі сақталып, жалғаса береді деп ойлаймын", - дейді саясаттанушы. Украина мен Қазақстан арасындағы сыртқы тауар айналымының 2012 жылы 5,4 млрд долларды құрағанын айта кету керек, 2013 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында бұл көрсеткіш 3,3 млрд доллар болды. Украина экономикасына құйылған қазақстандық инвестиция түрлі бағалаулар бойынша 300-ден 800 млн долларға дейін жетеді. Бүгінде 400-ден астам қазақ-украин бірлескен кәсіпорны жұмыс істейді.
Саясаттанушылар Украинадағы қазақстандық бизнестің келешегі туралы әңгімеледі деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Саясаттанушы Александр Князев қазір Украинаның біртұтас мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатқанын айтады. Оның айтуынша, оқиғалар дамуының бірнеше сценарийі болуы мүмкін: сыртқы ашық араласусыз немесе сыртқы қарулы күштердің тікелей араласуымен азаматтық соғыс немесе аймақтар арасындағы қарусыз текетірес, аумақты басқарудан айырылатын саяси дағдарыстың созылуы, орталықты шартты түрде мойындаумен бірге өзін өзі басқару жүйесіне ауысу.
Князевтің пікірінше, оқиғалардың бұлай өрбуі Украинадағы қазақстандық бизнеске кері әсер етеді. "Украинадағы қазақстандық бизнес үшін қиын кезең басталды. Отандық кәсіпкерлерге қазіргіден де үлкен тәуекелдерге баруға тура келеді. Мұның бәрі - украин мемлекеті тарапынан олардың мүддесі қорғалатынына ешқандай сенім жоқ деген сөз", - дейді саясаттанушы. Оның айтуынша, бизнес заңнамалар мен кепілдіктердің орындалуын талап етеді, ал елдің бөлінуіне немесе орталықтан айырылуға әкеліп соғатын сценарий кезінде мұндай жағдайлардың ешқайсысы болмайды.
Саясаттанушы Рустам Бұрнашев болса, мүлдем басқа пікірде. Ол Украинада ондай құлдырау болмайды деп есептейді, дегенмен ішкі қайшылықтар сақталады. Бұрнашевтың айтуынша, Украина - Қазақстан үшін маңызды экономикалық серіктес. Бірақ келтірілген экспорт пен импорт құрылымдарына қарағанда, серіктестік тек ірі бизнес деңгейінде ғана болады. Ал Украинадағы өзгерістер бұған еш әсер етпейді.
"Біздің бизнеске тұрақты құқықтық кеңістіктің қажет екені - талас туғызбайтын тезис. Мен Қазақстандағы украин бизнесі үшін де, Украинадағы қазақстандық бизнес үшін кезінде бекітілген сол жазылмаған ережелер сол күйі сақталып, жалғаса береді деп ойлаймын", - дейді саясаттанушы.
Украина мен Қазақстан арасындағы сыртқы тауар айналымының 2012 жылы 5,4 млрд долларды құрағанын айта кету керек, 2013 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында бұл көрсеткіш 3,3 млрд доллар болды. Украина экономикасына құйылған қазақстандық инвестиция түрлі бағалаулар бойынша 300-ден 800 млн долларға дейін жетеді. Бүгінде 400-ден астам қазақ-украин бірлескен кәсіпорны жұмыс істейді.