Тазабек мектептерде дәріс оқи алмайды - БҒМ басшысы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде бөтен адамдар дәріс оқымауы керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде бөтен адамдар дәріс оқымауы керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы ол журналистердің "Мұхамеджан Тазабек қазақстандық мектептерде лекция оқыды ма?" деген сұрағына жауап беру кезінде айтты. 

"Мектепте іс-шаралаларды тек мұғалімдер өткізе алады. Осыған байланысты Мұхамеджан Тазабек шара өткізді деп айту дұрыс емес. Себебі ондай шара өткен емес. Біреулер жоспарлады деп те айта алмаймын. Егер мектепте сондай шара өткізілсе, мен жауап берер едім. Болмаған соң, айтып та керек емес", - деді министр журналистердің сұрағына жауап беру кезінде. 

 Министрден мектептерде кімдердің лекция оқуға құқығы бар-жоғын сұрады. 

"Оған рұқсат жоқ. Егер сіз қандай да бір діни немесе басқа да мәселелерді меңзеп отырған болсаңыз, біздің жауабымыз бір, білім беру ұйымдарына кез келген адам келіп өзінің діни көзқарасы туралы лекция оқи алмайды және мұндай нәрсе атымен жоқ бізде", - деді Аймағамбетов. 

Мұхамеджан Тазабек - діни "Асыл Арна" телеарнасының бас директоры. Осыған дейін Тазабектің полицейлерге лекция оқыды деген ақпараттан кейін тексеріс басталғаны айтылған еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course down  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro