Түркістан облысының тұрғыны оқушы ұлының зорланғанын дәлелдей алмай жүр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғыны оқушы ұлының зорланғандығын дәлелдей алмай жүр. Алтынкүл Арапова бір жылдан бері әділдік таппай жүргенін айтты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғыны оқушы ұлының зорланғандығын дәлелдей алмай жүр. Алтынкүл Арапова бір жылдан бері әділдік таппай жүргенін айтты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, оның 14 жастағы ұлын интернатта бірге жататын ауылдастары зорлап келген, бірақ сотта ақталып шыққан. Баласы бастауышты бітіргелі ауылдастарынан ажырамай, интернатқа келген. Анасының айтуынша, осында оны өзінен жоғары класта оқитын ағайынды екі бала зорлап келген. 

Былтыр қыркүйекте белгілі болған іс сотқа да жеткен. Бірақ судья зорлау расталмады деп ұйғарған. Алтынгүл Арапова апелляциялық шағымнан да әділет таппадым деп күйініп отыр.

"Мені тыңдаған да жоқ, сол барлығы бір ауыл боп, бір ауыз боп барлығы әкімият, мектеп, интернат барлығы Сарыағаш, Түркістан облысы барлығы осы істі жапты. Қазір ақшамен жауады, бәрі ақша деп ойлаймын", - дейді жәбірленушінің анасы Алтынкүл.

Баланың адвокаты қолдарындағы дәлел де, оны растаған куәгерлер сөзі де ескерілмегенін айтады.

"Біздің пікіріміз бойынша бұл жерде "астар" бар деп санаймын бұл істің. Себебі егер де зорлаған баланы соттайтын болса онда интернатты жабу керек. Ол интернатқа қаржы бөлініп жатыр, оған әкімшіліктердің де қатынасы бар деп санаймын. Менің ойымша, бұл жерде қаржы мәселесі жатыр ма деп ойлаймын. Жемқорлық мәселесі бар деп ойлаймын. Сол үшін сот әділ болмайды деп санаймыз. Неге десеңіз алқа билер қалай болады, алқа билер сол әкімшіліктен келеді көбі", - дейді адвокат Айман Омарова.

Ал жәбірленген бала, телеарнаның мәліметінше, былтырдан бері сабаққа барып жүрген жоқ. Қатарластары мазақ қылатын көрінеді. Анасы содан бері ұлының мінезі де, денсаулығы да күрт нашарлағанын айтады.

Анасының айтуынша ұлы Алматыда оқығысы келеді. Бірақ мектептің балаға берген мінездемесі тым нашар көрінеді. Ал Сарыағаш аудандық білім бөліміндегілер оған ешқандай кедергі жоқ деп отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro