18 мамыр 2018 | 09:40

"Алдаспан" этно-рок тобы мен Өзбекстанның дәстүрлі музыкасы. The Spirit of Tengri фестивалін кім ашады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Aldaspan тобы. © The Spirit of Tengri баспасөз қызметі Aldaspan тобы. © The Spirit of Tengri баспасөз қызметі

Биылғы жаздың басты музыкалық оқиғасы - VI Халықаралық заманауи этникалық The Spirit of Tengri музыка фестиваліне екі аптадай уақыт қалды. Фестиваль сенбі күні, 2 маусымда басталады. Биыл фестиваль өзбекстандық Abbos тобының өнер көрсетуінен басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Биылғы жаздың басты музыкалық оқиғасы - VI Халықаралық заманауи этникалық The Spirit of Tengri музыка фестиваліне екі аптадай уақыт қалды. Фестиваль сенбі күні, 2 маусымда басталады. Биыл фестиваль өзбекстандық Abbos тобының өнер көрсетуінен басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Топтың Abbos деп аталуы оның негізін қалаған соғымпаз Аббос Касимовтың есімімен байланысты. Ол ерекше сезімділігімен танымал музыкант, сондай-ақ, ол дойрада және тағы басқа ұлттық аспаптарда ойнайды. Мұнымен қоса, Abbos тобының орындауында сурна мен карнай аспабындағы дыбыстарды естуге болады.

Өзбекстандық топ 1998 жылы құрылған. 20 жыл ішінде музыканттар АҚШ, Франция, Англия, Германия, Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктері, Гонконг, Тайвань және әлемнің тағы басқа елдеріне гастрольдік сапарлармен шыққан. Жанкүйерлер музыканттардан өзбектің ұлттық сарынындағы музыкаларды асыға күтеді, сонымен қатар, олар өзбектің ұлттық дәстүрлі аспаптарын қолдана отырып та, хиттер орындайды.

Қазіргі уақытта топты Аббос Касимовтың шәкірті Равшан Юнусов басқарады. Ол 2011 жылы дойрада ойнауға үйрететін мектеп ашқан. Жаңа басшы келген соң музыканттар гастрольдік сапарларын жалғастыра берді: топ Оңтүстік Кореяда, Таиландта, Малайзияда, Қырғызстанда, Тәжікстанда, Болгарияда, Румынияда, Англияда, Францияда және АҚШ елдерінде өткен фестивальдерге қатысты.

"Біз көбіне соққыш аспаптарда ойнаймыз. Көптеген басқа елдерде де біздегі аспаптарға ұқсас аспаптар көп. Бірақ біз орындаған ырғақ ерекше, өзбек музыкасына ғана тән. Соққыш аспаптарды қолдана отырып, біз еліміздің рухын көрсеткіміз келеді. The Spirit of Tengri фестивалінде біз алматылықтарды өзбектің дәстүрлі әнімен таныстырғымыз келеді. Барлығыңызды фестивальде күтеміз, біздің шығармашылығымызды тамашалаңыздар. Көріскенше!" , - деді топ жетекшісі Равшан Юнусов.

Фестивальдің екінші күнінде алғашқы болып қазақстандық "Алдаспан" этно-рок тобы өнер көрсетеді. Олар электрлік домбырада өнер көрсетуімен танымал. Топ орындаған музыкалардың сөздерінде ер адамдардың ерліктері, қажыр-қайраты, әскер жайлы айтылады. Сондай-ақ, ежелгі түріктердің әскери эпосы орындалады. 

2011 жылы соғымпаз Нұржан Тойшы қазақстандық топтың негізін қалаған. "Алдаспан" тобындағы музыканттар - консерваторияның үздік домбырашылары: Мақсат Хасанов - электрлік-соло-домбыра, Дулат Жақсылық - электрлік-ритм-домбыра, Шамшиддин Омаров - электрлік-бас-домбра. Айта кетейік, қазақстандық топ The Spirit Of Tengri фестиваліне жаыл сайын қатысады.

"Біз 1980 жылдардың соңында Қазақстанда өте танымал болған әндерді дайындадық: "Сүгірдің термесі", "Қарабауыр қасқалдақ", "Хадиша". Бұл әндер қазіргі уақытта халық әндері болып кетті. Сондай-ақ, біз осыған дейін ешкім жасамаған аранжировка дайындадық. Бұл нағыз этникалық рок музыка болады, меніңше, фестиваль қонақтары осы әндерден ләззат алады. Мұндай әндер көрермендерге ұнауы керек. Біз оларды таңғалдыруға тырысамыз... Дыбыстардың одан жақсы естілуі үшін бірнеше музыкантты да қостық. Қызық болады деп ойлаймын", - дейді топ жетекшісі Нұржан Тойшы.

"Біз үшін The Spirit of Tengri фестиваліне қатысу өте маңызды. Біз этникалық сарындағы рок музыканттармыз, бұл біз үшін керемет сахна. Этникалық әндерді қайта қарап шығып, ол жастарға түсінікті болу үшін заманауи сарында ойнаймыз.  The Spirit of Tengri бүкіл еурзаиялық кеңістік бойынша Ethno World music жанрындағы музыкаларды қосатын басты фестиваль болып саналады. Музыканттардың көбі осы фестивальде өнер көрсеткісі келеді, топтар қатаң іріктеулерден өтеді. Бізді фестивальдің екінші күнінде бірінші болып өнер көрсетуге шақыруы - біз үшін үлкен құрмет. Бұл үлкен іс-шара, жылына бір рет қана өтеді, сондықтан сіздерді 2-3 маусымда Респубика Сарайының алдындағы Абай алаңында асыға күтеміз!" , - деді музыкант. 

VI Халықаралық The Spirit of Tengri фестивалі 2 және 3 маусымда Алматыда Респубика Сарайының алдындағы Абай алаңында өтеді. Концерттердің басталуы - 17:00. Кіру тегін. Қонақтарды сапалы, дәстүрлі жанды әуендер, ғарыштан көрінетін жарық түсірілетін әдемі, күшті, жанды шоу күтіп тұр. Оның үстіне әрине көптен келе жатқан "отбасылық" жылылық бар. 

Фестиваль Алматы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Жобаның бас серіктесі - Magnum Cash&Carry желісі. Tez Tour Kazakhstan тур операторы да қолдау білдіреді. Қонақтарды "Қазақстан" (Hotel Kazakhstan) қонақ үйі қарсы алады. Фестивалге техникалық қолдау білдіретін KZ Sound компаниясы. 

The Spirit of Tengri - қазақ жерінде әлемнің этникалық дәстүрін көрсетуге бағытталған мултимәдени жоба. 2012 жылы ұлттық Tengri FM радиостанциясы бекіткен. Бес жылда 100 мыңнан аса қонақтар мен көрермендер қамтылды. Оның сахнасына 30 елдің музыканттары өз өнерін көрсетті. Оның арасында түркиялық BaBa Zula тобы, қытай-моңғолиялық Hanggai ұжымы, мадиярлардың Tilla Török Band&Holdviola тобы, эстониялық TRAD.ATTACK! этнобэнді, грузиндік The Shin триосы, Башқұртстанның "Аргымак" тобы, бурят-фин-норвегиялық Nordic Namgar тобы, тывалық Радик Тюлюш "Чалама" жобасымен сахнаға шықты. Қазақстанның атынан "Алдаспан", "Шарапат", "Тиграхауд, Roksonaki топтары мен фольклорлық шығармашылығымен танылған мэтр Еділ Құсайынов та бар.  

Еске салайық, осыған дейінгі жылдары фестивальдің басты серіктесі Kaspi.kz болды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети