Жанармайға қатысты ахуал қазанда қалыпқа келеді - Школьник

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник Қазақстанда жанармайға қатысты ахуалдың қазан айында қалыпқа келетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник Қазақстанда жанармайға қатысты ахуалдың қазан айында қалыпқа келетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жағдай қазан айында қалыпқа келеді деп ойлаймын. Қазірдің өзінде адамдар жанармай құйып алып жатыр, май құйылмай қалған машиналар жоқ. Қазір жанармай Ресей Федерациясынан жеткізіле бастады", - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісіне Энергетика министрі Владимир Школьник Атыраудағы аймақаралық ынтымақтастық форумының сыртындағы әңгіме барысында.

Ресейден жанар-жағармай жеткізіліп жатқанын Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин де айтты. "Біз келісімшартты жасадық, құдайға шүкір, қыркүйек айында, қазір жеткізіле бастады. Күн сайын жағдай жақсарып келеді. Тапшылық қашанда болады, бізде 30 пайыз тапшылық бар, біз оны, негізінен, уағдаластық бойынша Ресейден алып тұрамыз. Қиыншылықтар болды, қазір біртіндеп шешіліп жатыр. Мен жағдайды жақсы деп бағалар едім. Өйткені Ресейден мұнай өнімдері келе бастады", - деді ол.

Қарабалиннің айтуынша, әзірше жанармайдың бағасы сол күйінде қалады, бірақ ол бағаның қашанға дейін тұратыны туралы айтпады. "Мен оны айта алмаймын. Мен бір рет сәуегей болып көргенмін", - деді ол.

Еске сала кетейік, 16 қыркүйек күні ОКҚ брифингінде ол еліміздің мұнай өңдеу зауыттарында қыркүйек айында 250 мың тонна жанармай, соның ішінде, 186 мың тонна АИ-92 жанармайын өндіру жоспарланғанын айтқан болатын. Ал республиканың қажеттілігі - 280 мың тонна. Қарабалин нарықты жанар-жағармайдың сұранысқа ие түрлерімен қамтамасыз ету үшін "ҚазМұнайГаз" компаниясына шетелден мұнай өнімдерін импорттау тапсырылғанын да айтқан еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro