Елорда күніне орай қалалық сауда желілерінде мерекелік акциялар өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдікке сілтеме жасап.
Елорда күніне орай қалалық сауда желілерінде мерекелік акциялар өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдікке сілтеме жасап.
Атап айтқанда, "5 минут" супермаркетінде 1-19 шілде аралығында өтетін жеңілдіктер акциясын насихаттауға бағытталған кітапшалар таратылады. Күн сайын сағат 20:00 бастап аспаздық тағамдарға 30 пайыз жеңілдік жасалады, сонымен қатар, 6 шілдеде Тұран, 24, Жангелдин, 31А, Рысқұлбеков, 4 мекенжайлары бойынша орналасқан дүкендерде тәтті тағамдардан дәм татуға болады.
Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының хабарлауынша, "Анвар" супермаркеттер желісінің барлық дүкендерінде жеңілдіктер - 17-50 пайыз.
"АқОрда Capital" ЖШС мерекеге орай азық-түліктерге (сүт өнімі - 7-15 пайыз, "Ассам" шайы - 7 пайыз, жұмыртқа - 10 пайыз, құс еті - 10 пайыз, тәттілер - 30 пайыз, сусындар - 20 пайыз) 30 пайыз дейін жеңілдіктер жасалады.
Ал, елордалық "Green" сауда желісі 1-7 шілде аралығында "Мастер", "Аружан" және "Хан Шатыр" сауда орталықтарында өз тауарларын 17 пайыз жеңілдікпен сатады және шілденің 6 күні сауда орталықтарына келушілерге ерекше ілтипат бөлінбек. Әр сатып алушыға, балаларға тәтті тағамдар ұсынылады.
"Астықжан" сауда орталығы Елорда күні аясында тұрғындарға SMS хабарлама жіберіп, 50 пайыз жеңілдіктер туралы хабарлайтын болады. 1-6 шілде аралығында "Астықжан" дүкендерінде әлеуметтік маңызды тауарларға жеңілдіктер қарастырылған.
Сонымен қатар, "Smаll", "А2", "Магнум Кэшен энд Кэри", "Астана мир вкуса" сауда желілерінде де айтарлықтай жеңілдіктер болады.