©REUTERS
"Осы аптада доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 184-184,6 теңге төңірегінен ауытқымайды", деп жазады Tengrinews.kz тілшісі, сарапшы Анатолий Хегайдың мәлімдемесіне жүгініп. "Өйткені,- дейді, сарапшы Анатолий Хегай, - Қазақстанда салық төлеу мерзімі әлі аяқталған жоқ". Оның ойынша еуро 252-254,5 теңгені құраса, рубль 5,19-5,25 теңге көлемінде тұрады. Жалпы сарапшы, "2014 жылдың соңына дейін доллар 190 теңгеге дейін өсуі ғажап емес. Ал 2015 жылдың бірінші жартысында 200 теңгеге дейін артуы мүмкін", деген болжам жасайды. Бұл тұрғыда ол еліміздің нарығында көш бастап келе жатқан секторлар мен шикізат саласындағы орын алуы мүмкін қиындықтарды алға тартады. Хегайдың ойынша, "айтып келмеген девальвацияның" "құйындап" келген саясаты қандай да бір шұғыл шешімдер үшін тиімді шығар, алайда ішкі тұрақтылық жағдайында анау айтқандай маңыздылығы жоқ. Есесіне, экономикамызды баға өсуінің қыспаққа алғаны қатты сезілетін болады". "Айта кету керек, біз доллар бағамы 10-14 ақпан аралығында 0,3 пайызға төмендейді деген едік. Сонымен қатар, "2013 жылдың орта шенінен бастап 2014 жылдың бас жағында теңге құнсыздануға ұшыруы мүмкін" деп те болжам жасағанбыз. Ол кезде біз сыртқы нарықтағы әлсіз конъюктура мен ішкі макроэкономикалық көрсеткіштің төмендігін алға тарттық. Біз теңге жайлап құнсызданады деп ойладық", - дейді Хегай. "ҚР Ұлттық банк, - дейді ол сонымен қатар, - долларды 4-8 пайызға ғана қымбаттатып, 160-165 теңгеден асырмай-ақ та, қазақстандық экпорттаушылардың сыртқы нарықтағы бағалық бәскелестігін нығайтып, еліміздегі экономикалық өсімге оң ықпал етуге болатын еді. Біз теңгенің осынша төмендеп, доллардың күрт өсуін ҚР Ұлттық Банк басшылығының ауысуымен де байланыстырып отырмыз. Алайда, реттеушілердің қаржы саясатындағы аса сақтығын және бес жыл бойы теңгені күшейтуге мүдделі болғандығына қарап, доллардың бір секіргендегі қарқыны дәл осылай күшті болады деп ойламадық", - дейді сарапшы.
"Осы аптада доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 184-184,6 теңге төңірегінен ауытқымайды", деп жазады Tengrinews.kz тілшісі, сарапшы Анатолий Хегайдың мәлімдемесіне жүгініп.
"Өйткені,- дейді, сарапшы Анатолий Хегай, - Қазақстанда салық төлеу мерзімі әлі аяқталған жоқ". Оның ойынша еуро 252-254,5 теңгені құраса, рубль 5,19-5,25 теңге көлемінде тұрады.
Жалпы сарапшы, "2014 жылдың соңына дейін доллар 190 теңгеге дейін өсуі ғажап емес. Ал 2015 жылдың бірінші жартысында 200 теңгеге дейін артуы мүмкін", деген болжам жасайды. Бұл тұрғыда ол еліміздің нарығында көш бастап келе жатқан секторлар мен шикізат саласындағы орын алуы мүмкін қиындықтарды алға тартады.
Хегайдың ойынша, "айтып келмеген девальвацияның" "құйындап" келген саясаты қандай да бір шұғыл шешімдер үшін тиімді шығар, алайда ішкі тұрақтылық жағдайында анау айтқандай маңыздылығы жоқ. Есесіне, экономикамызды баға өсуінің қыспаққа алғаны қатты сезілетін болады".
"Айта кету керек, біз доллар бағамы 10-14 ақпан аралығында 0,3 пайызға төмендейді деген едік. Сонымен қатар, "2013 жылдың орта шенінен бастап 2014 жылдың бас жағында теңге құнсыздануға ұшыруы мүмкін" деп те болжам жасағанбыз. Ол кезде біз сыртқы нарықтағы әлсіз конъюктура мен ішкі макроэкономикалық көрсеткіштің төмендігін алға тарттық. Біз теңге жайлап құнсызданады деп ойладық", - дейді Хегай.
"ҚР Ұлттық банк, - дейді ол сонымен қатар, - долларды 4-8 пайызға ғана қымбаттатып, 160-165 теңгеден асырмай-ақ та, қазақстандық экпорттаушылардың сыртқы нарықтағы бағалық бәскелестігін нығайтып, еліміздегі экономикалық өсімге оң ықпал етуге болатын еді.
Біз теңгенің осынша төмендеп, доллардың күрт өсуін ҚР Ұлттық Банк басшылығының ауысуымен де байланыстырып отырмыз. Алайда, реттеушілердің қаржы саясатындағы аса сақтығын және бес жыл бойы теңгені күшейтуге мүдделі болғандығына қарап, доллардың бір секіргендегі қарқыны дәл осылай күшті болады деп ойламадық", - дейді сарапшы.