Ұлттық банк айырбас пункттерінде гривнаның болмауына қатысты түсінік берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Ұлттық банк Қазақстанның ақша айырбастау пункттерінде, әсіресе, Алматы қаласында украин ақшасының болмауына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, бұған дейін БАҚ Қазақстан ақша айырбастау пунктері украина гривенін сатпайды да, сатып алмайды да деп хабарлаған болатын.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық банк Қазақстанның ақша айырбастау пункттерінде, әсіресе, Алматы қаласында украин ақшасының болмауына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, бұған дейін БАҚ Қазақстан ақша айырбастау пунктері украина гривенін сатпайды да, сатып алмайды да деп хабарлаған болатын.

Ресми сауалға Ұлттық банк "Заңды тұлғалар қандай валютамен жұмыс істегісі келсе, сол шетелдік валютаны таңдай алады, сонымен қатар, қолма-қол ақшаны айырбастай алады", - деп жауап берді. "Қазақстанның қазіргі валюталық заңнамасына сәйкес, жұмыс істеуге тиімді, қолма-қол шетелдік ақшаны айырбастауға құқылы заңды тұлғаларға шетелдік валюта қолданысына шектеу қойылмайды", - деп хабарлады Ұлттық банк.

Банк мәлімдемесіне сүйенсек, Қазақстанның ақша айырбастау орындары ішкі валюта нарығында сұранысқа ие валюта түрлерін ғана айырбастайды. Ереже бойынша қазақстандық банктер корреспонденттік қарым-қатынас жасайтын елдердің валютасымен жұмыс істейді. Ұлттық банктің хабарлауынша, егер заңды тұлға банктік саладан болмаса, шетелдік валюталар қатары аймақтық ерекшеліктерге қарай өсуі мүмкін, себебі мұндай ақша айналымы жеке өңірлерде ақша айырбастау операциясы арқылы кіріс әкеледі. "Сондықтан Қазақстанның ақша айырбастау пункттерінде украин гривнасының болмауын бұл валютаның ұсынымы мен сұраныстың аздығымен түсіндіруге болады", - деп түсіндірді Ұлттық банк қызметкерлері. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro