Қорғаныс министрлігі 2 минут ішінде қарудың шығу тарихын көрсетті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі © ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қарудың шығу тарихын паш ететін әлемдік тренд ҚР Қорғаныс министрлігінде қолдау тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қарудың шығу тарихын паш ететін әлемдік тренд ҚР Қорғаныс министрлігінде қолдау тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2-5 маусым аралығында Астанада өтетін IV халықаралық "KADEX" қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі қарсаңында "120 секунд ішіндегі қарудың шығу тарихы" атты ролик жасалды. Көрермендерге Түрік қағанаты кезінен бастап қазіргі күнге дейінгі Қазақстан аумағында пайдаланылған қарудың түрлері көрсетілді. Роликте садақ және Түрік қағанаты мен Қазақ хандығының жебелері, білте мылтығы, соққы-шақпақтас құлпы бар мылтық, капсюльді тетігі бар мылтық, ХХ ғасырдың басы мен бірінші жартысының қаруы, Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қару, әйгілі Калашников автоматы мен оның модификациялары, ХХ ғасырдың өзге де қаруы көрсетілген.

Қазіргі уақыттағы қару ретінде роликте Қазақстан Қарулы Күштері арнайы бөлімшелерінің жарақтандыруында тұрған заманауи винтовка көрсетілген. Осылайша, 2 минут ішінде көрермен назарына еліміздің тарихының әртүрлі кезеңдерінде, яғни, Қазақ хандығының құрылғанға дейінгі кезең, Қазақ хандығы, КСРО, тәуелсіз Қазақстан құрамында қолданылған қарудың түрлері ұсынылады. Бүгінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қолданылып жүрген қару-жарақты 2-5 маусым аралығында Астанадағы ҚР ҚК-нің авиациялық базасында өтетін IV халықаралық "KADEX" қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінде ниет білдірген барша қауым тамашалай алатынын айта кетейік.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro