Қытай билігі көркем шығармаларға әзіл роликтер мен пародиялар түсіруге тыйым салды. Тыйым телевизияға да, блогерлерге де қатысты, - деп хабарлайды Sounth China Morning Post "Синхуа" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Шенеуніктердің ойынша, мұндай жағдай "негізгі социалистік ұстанымдарын бұзады" және төраға Си Цзиньпиннің абыройына нұқсан келтіруі мүмкін. Баспасөз, баспа қызметтері, радио, кино және телевизия мемлекеттік әкімшілігінің құжатына қарағанда, елде классикалық әдебиет пен көркем шығармаларды бұрмалайтын, мазақ қылатын және абыройын төгетін видеороликтерге тыйым салынады.
Бейжің сарапшысы У Цзянның айтуынша, жаңа ережені сақтамайтындар дереу телевизиядан шеттетіледі, ал блогерлер бұғатталады.
JustXiait қытайлық блогер-пародистер командасы қазірдің өзінде өз видеоларын өшіріп тастаған.