10 наурыз 2018 | 14:40

Өзбектер тойдың өтетін уақытын, шақырылатын адам мен кортеждегі көліктің санын заңмен қысқартпақшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстанда тойдағы ысырапшылдыққа жол берілмейді, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы.


Иконка комментария блок соц сети

Өзбекстанда тойдағы ысырапшылдыққа жол берілмейді, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, бұл елде тіпті жастардың серуенге шыққанда жүретін қымбат көліктерінің саны да қысқартылуы мүмкін. Сағатқа да шектеу қойылады. Қазір көрші елде той мен жиын өткізу рәсіміне қатысты арнайы құжат әзірленіп жатыр. Жоба көпшіліктің талқылануынан кейін барып Парламентте бекітілмек.

Өзбекстанда үйлену тойы мен ас беру кезіндегі ысырапшылықты қысқарту мәселесін халық қызу талқылап жатыр. Бірі бұл атадан келе жатқан салт десе, енді бірі құр дабырашылық деп отыр. Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары тіпті ас берудің өзі бәсекеге айналып барады. "Кейбір азаматтар қарызға белшеден батса да дүркіретіп той жасауды әдетке айналдырған", - дейді қария.

"Менің ойымша, қазіргі таңда біреудің үлкен дәмханаларда той өткізуге қауқары жетеді. Кейбіреуінің оған шамасы жоқ. Он-онбес машина жүреді. Тұрмысы төмен адам оны көрген соң қалғысы келмейді. Бұл қазіргі заманда той құр ысырапқа айналып барады деген сөзі. Дастарханда тіпті ыдыс қоятын жер қалмайды. Соны көрген біз сияқтылар тыраштанып соңында қарызға батамыз. Негізі бұл дұрыс көтерілген бастама деп ойламын", - деді Ташкент қаласының тұрғыны Бурибой Кудратов

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев жұртты үйлену тойын қарапайымдап етіп өткізуге шақырған еді. Тіпті аста-төк той жасау мен ақша шашуды сынап тастады. Мемлекет басшысының осы ескертуінен кейін жасалынып жатқан құжатта тойға шақырылатын қонақтар саны 150 адамнан аспауы керек деп көрсетілген. Дастархан мәзірі де соған қарай ықшамдалады. Сонда қазан-қазан палау да басылмайды.

"Кейбір тойларға тіпті мыңнан 1,5 мыңға дейін қонақ келіп жатады. Оны игерудің өзі мүмкін емес. Қаншама қазан көтеріледі. Ысырап көп. Осы тұрғыдан алып қарағанда дұрыс. Той өткізбесін деген шектеу жоқ. Тек артық шығынға жол бермеу", - деді Республикалық Махаллалар комитетінің өкілі Лазиз Рахматов.

Әсіресе жас жұбайлар серуенге шыққан кезінде олармен бірге еріп жүретін қымбат шетелдік көліктер саны да қысқартылады. Бұл жол қауіпсіздігін сақтауға да мүмкіндік береді. Атын шығарғысы келсе, жетім-жесірге қол ұшын созсын. "Артық ақшасын игі істерге жұмсаса, қоғамдағы кемшіліктер түзелер еді", - дейді мамандар. Жаңа жоба талқылаудан кейін депуттартардың қарауына ұсынылмақ.

"Ықшамды болса той өткізген адамға да тиімді. Уақыты бойынша кешкі онға кейін той тоқтатылады. Демек жұрт ертеңіне жұмысқа кешікпей барады. Оған қоса жастар түн мезгілінде бейуақыт жүрмейді. Шағын болса екі тарапқа да тиімді. Бұл жоба әлі көпшілікке түсіндіріліп жатыр", - деді Яшнабад ауданының депутаты Азиза Пидаева.

Осылайша көрші елде той-думанды жарияға жар салып емес, қарапайым етіп өткізу мәселесі қызу талқыланып жатыр. Бұл той-бизнесінде жүрген кейбір жандарға кері әсерін тигізуі мүмкін. "Дегенмен бұл - ұлт үшін жасалып жатқан игі бастама", - дейді мамандар. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети