Тай трансвеститінің құрбаны болған қазақстандық "Эйр Астана" қызметкері екен

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© bloknot.ru © bloknot.ru

Тай трансвеститінен тоналған қазақстандық Әсет Серғазы "Эйр Астана" қызметкері болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осыған дейін БАҚ-та оның қазақстандық полицей екендігі хабарланған, бірақ бұл мәлімет шындыққа жанаспайды екен.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Тай трансвеститінен тоналған қазақстандық Әсет Серғазы "Эйр Астана" қызметкері болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осыған дейін БАҚ-та оның қазақстандық полицей екендігі хабарланған, бірақ бұл мәлімет шындыққа жанаспайды екен.

Әсет Серғазының айтуынша, оқиға шын мәнінде болған. Бірақ тілшілер оны дұрыс түсінбей, жалған ақпарат таратыпты. 

"Ағылшын тілін жақсы білемін, бірақ тайлар дұрыс түсінбей, БАҚ-та қате кеткен. Полиция бөлімінде тілшілердің болғанын мен енді ғана білдім. Полицияда видеоға түсіруге болмайды деп есептеппін. Үш сағаттық жолдан кейін және процестің ұзаққа созылуынан кейін мен біздің полицейлердің дереу оқиға орнындағы камераларды тексеретінін айтқан едім, - дейді Серғазы. - Екі камера табылды - біреуі көшеде тұрған, екіншісі дүкенде болған. Үш сағат ішінде барып, жазбаны тексеруді ұсынғанмын, бірақ полицейлер құлақ аспады. Өзім видеоны көрдім, сапасы өте нашар екен, тонаушының скутерінің номерін көру қиын".

Қазақстандық қандай да бір шенінің бар-жоғы сұралғанын да айтты. Әсет "иә" деп жауап қатқан, сосын одан жұлдызшаларды салуын өтінген. "Мен үш жұлдызшаның суретін салдым, бұл аға лейтенант дегенді білдіреді. Сөйтсем, олар мені полиция қызметкері екен деп ойлапты. Шын мәнінде мен "Эйр Астана" әуе компаниясында жұмыс істеймін, бірақ запастағы аға лейтенантпын", - деді жәбірленуші. Айта кетейік, "Эйр Астана" әуе компаниясының баспасөз қызметіндегілер оның әуежайда жұмыс істейтінін нақтылап берді. 

Енді жігіттің туыстары Әсет Серғазыны уайымдап жатыр екен, себебі ол құқық қорғау органдарының қызметкері деп қасақана танысқандықтан жазаға тартылады деп ойлап қалыпты. 

Еске салайық, 33 жастағы Әсет Серғазы түннің кезінде Паттайя көшелерінің біріндегі дәріханаға барады, сол кезде оған әйелдің көйлегін киген ер адам тиісіп, әмиянын ұрлап кеткен. Онда 4 мың бат болған. Ал бұзақы әлі табылмады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro