Риодағы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты қалай өтті?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Рио-де-Жанейрода атақты "Маракана" стадионындағы жазғы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Рио-де-Жанейрода атақты "Маракана" стадионындағы жазғы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, іс-шараның сценариін суретші әрі дизайнер Роза Магальяйнш жазған. Ол осыған дейін де бірнеше атақты шоуларға сценарий жазып жүр екен. Ал салтанаттың шараның музыкалық бағдарламаларына норвегиялық танымал DJ Kygo жауапты болған.

Шоу Бразилияның мәдениетімен таныстыратын ән-би өнерінен басталды. Кейіннен кішкентай балалар елдің әнұранын орындады.

Бұдан кейін алаңға спортшылар шықты. Айта кетейік, жабылу салтанатына Қазақстан құрамасының өкілдері де қатысты. Ал алауды таеквондошы Руслан Жапаров ұстап жүрді. Спортшылар шеруде жаңбырдың астында қалыпты. Бірақ көрермендерді алаңның шатыры қорғап қалды.

Шеруден кейін спортшылар Бразилияның мәдениетімен таныстыратын шоуларды көрсетуді жалғастырды. Үлкен экранда Олимпиада ойындарының ең жарқын сәттері, сондай-ақ қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетов ("күміс") пен дзюдошы қыз Галдбадрах Отгонцэцэгтің ("қола") қатысуымен болған кадрлар да көрсетілді. Кейіннен спортшыларды марапаттау рәсімі өтті.

Марапаттау рәсімінен кейін ұйымдастырушылар Халықаралық Олимпиада комитеті атлеттерінің жаңа комиссиясы мүшелерімен таныстырды. Олардың қатарында спорттық мансабын аяқтаған неміс семсерлесушісі Бритта Хайдеман, сырықпен секіргіш Елена Исинбаева, үстел теннисінің ойыншысы оңтүстіккореялық Ю Сын Мин мен венгр жүзушісі Даниэль Дьюрта

Кейіннен Олимпиаданың ең маңызды бөлігі басталды. Рио-де-Жанейро басшысы Эдуард Паус Олимпиада алауын ХОК президенті Томас Бахқа берді, ал ол алауды Токио басшысы Юрико Коикэге ұстатты. Содан алаңда Жапонияның әнұраны орындалды.

Жазғы Олимпида ойындарының жабылу салтанатының келесі бөлімі Токиоға арналды. Жапондар өздеріне сенім білдіріп отырған барша халыққа алғыс айтты. Артынша Токио туралы ролик көрсетілді. Онда басты рольде Марио видео ойындарының кейіпкері ойнады. Ең қызығы, ролик кенеттен тоқтатылып, алаңда Марионың өзі пайда болғандай болды. Сөйтсе, ол жапон премьер-министрі Синдзо Абэдің өзі болып шықты.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course down  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro