Елімізде баспананың өз құны мен сатушылар белгілейтін баға арасындағы айырма анықталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Көрнекі сурет. © Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет. © Тұрар Қазанғапов

Астана мен Алматыдағы баспаналардың өз құны мен сатушылар белгілейтін баға арасындағы айырма анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Астана мен Алматыдағы баспаналардың өз құны мен сатушылар белгілейтін баға арасындағы айырма анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалғасы

Жылжымайтын мүлік сатып алушыларға арналған Homsters.kz онлайн-сервисінің өкілі Мария Реннің айтуынша, қайталама нарықтағы сату-сатып алу мәмілелерінің шынайы бағасы сатушылардың хабарландыруында көрсетілетін бастапқы бағадан ерекшеленеді. Маман бағалауды Homsters.kz-тегі және Статистика комитетінің ресми мәліметтері негізінде жасай отырып, айырмашылықтың 15-20 пайыз деңгейінде екенін айтады.

"Хабарландырулардағы баға мен мәмілелердің нақты бағасы арасындағы мұндай айтарлықтай айырмаға бірнеше себеп бар. Біріншіден, сатушылар қашан да қымбатқа саудалағысы келеді, сатып алушылар болса, мейлінше төмен бағаны қалайды. Осыдан келіп, хабарландырулардағы баға мен мәмілелердің нақты өлшемдері арасындағы белгілі бір алшақтық шығады", - дейді Мария Рен.

Ал екіншіден, оның айтуынша, бүгінде бірқатар фактордың салдарынан сатып алушыға ғана емес, кейде жылжымайтын мүлік жөніндегі тәжірибелі маманға да нысанның өз құнын анықтау қиынға соғып жатады, өйткені нарықта сату-сатып алу мәмілелерінің нақты сомасы туралы ақпарат жария етілмейді екен. "Сондықтан жылжымайтын мүлік сатушылардың көбі өз нысандарына баға белгілеген кезде оны тәжірибелі жолмен анықтап алады: пәтерлерге бағаны асыра қояды да, кейін біртіндеп сатып алушылардан қоңыраулар келе бастайтын деңгейге дейін төмендетеді", - деді маман редакцияның ресми сауалына берген жауабында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro