Велошабандоздың жаттығудан кейінгі аяғының суреті Желі қолданушыларын шошытты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

 Lotto-Soudal командасының польшалық велошабандозы Томаш Марчиньский Instagram желісіндегі парақшасында қайта қалпына келу жаттығуларынан кейін аяғының суретін жариялады, - деп хабарлайды Eurosport.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

 Lotto-Soudal командасының польшалық велошабандозы Томаш Марчиньский Instagram желісіндегі парақшасында қайта қалпына келу жаттығуларынан кейін аяғының суретін жариялады, - деп хабарлайды Eurosport.

Суретте оның аяғының қан тамырлары қатты шығып кеткенін көруге болады. Әрине бұлшық еті мықтап шыққан, бірақ өте қорқынышты көрінеді. 

"Жаттығудың екінші кезеңіне кірістім! Аяқтарым дайын, басым да дайын деп ойлаймын. Тек рақаттану ғана қалды, сонда жақсы нәтиже де болады", - деп жазды спортшы суреттердің сипаттамасында. 


© instagram/tmarczynski

Көптеген Желі қолданушылары спортшының аяғына таңғалды. "Томаш бұлшық етінің үстіне тері жабуды ұмытып кеткен секілді", "Бұл не? Мынамен дәрігерге қаралу керек емес пе?", - деп таңданды қолданушылар. 


© instagram/tmarczynski

35 жастағы Марчиньский - "Вуэльта" велокөпкүндігінің екідүркін жеңімпазы. Биыл поляк "Тур де Франс" жарысына қатыспайды. Ол Испанияда жаттығып жатыр және маусымның екінші жартысында жарысқа қосылады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro