04 мамыр 2014 | 10:54

Шығыс Қазақстанда шахтада үш адам үйінді астында қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Kazakhmys.com ©Kazakhmys.com

Шығыс Қазақстан облысында "Қазақмыс" корпорациясына қарасты шахтада бір адам қаза тауып, екі адам ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысында "Қазақмыс" корпорациясына қарасты шахтада бір адам қаза тауып, екі адам ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Глубокое ауданындағы Юбилейный-Снегирихинский шахтасында төтенше оқиға болды. "03.05.2014 күні сағат 04.50-де бекіту жұмыстары кезінде төбедегі тастар опырылып кеткен. Соның салдарынан үш жұмысшы үйінді астында қалды: 1966 жылы және 1991 жылы туған екі адам ауруханаға түсті, 1975 жылы туған бекітуші оқиға орнында қайтыс болды", - делінген министрліктің хабарламасында.

Төтенше оқиғаның салдарын жоюға 17 адам мен төрт техника жұмылдырылды. Оның дені - Ертіс әскерилендірілген таудан құтқару жасағының мамандары.

Айта кетейік, өткен ақпан айында "Қазақмыс" корпорациясының басшылығы еңбек қауіпсіздігі жөнінен мақтана алмайтынын мойындаған еді. "...Соңғы айда біз мердігер ұйымдарды қосқанда төрт адамнан айырылдық. Бұл өте көп. Бізде бұрын-соңды мұндай болмаған", - деген болатын корпорация басшысы Эдуард Огай.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети