Қазақстан мен Ресей арасындағы жүк тасымалы соңғы уақытта айтарлықтай ұлғай

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© ru.depositphotos.com © ru.depositphotos.com

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин "Ресей темір жолдары" компаниясының бас директоры, басқарма төрағасы Олег Белозеровпен кездесу өткізді. Мәселені талқылауға ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев қатысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап. 
 
Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық жүйелері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету және кеңейту, бірлескен транзиттік әлеуетті дамыту және жолаушылар мен жүк тасымалдаудың тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин "Ресей темір жолдары" компаниясының бас директоры, басқарма төрағасы Олег Белозеровпен кездесу өткізді. Мәселені талқылауға ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев қатысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап. 
 
Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық жүйелері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету және кеңейту, бірлескен транзиттік әлеуетті дамыту және жолаушылар мен жүк тасымалдаудың тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.

"РТЖ" ААҚ бас директоры Олег Белозеров қазақстандық әріптестермен өзара қарым-қатынас ресейлік темір жол жүйесі үшін аса маңызды екенін атап өтті. Елдер арасындағы жүк тасымалы соңғы уақытта айтарлықтай ұлғайды.

"Осы жылдың қаңтар–наурыз айларында транзиттік тасымалдар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 51 пайызға артты, және біз ынтымақтастықты кеңейте түсуге ниеттіміз", - деді Олег Белозеров.

2018 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы жүк тасымалдау көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 467,7 мың тоннаға артып, 85,4 миллион тоннаны құрады. Биылғы І тоқсанның қорытындысы бойынша жүк тасымалдарының көлемі 21 миллион тонна болды.

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстанның өзара тиімді шарттармен сындарлы ынтымақтастықты кеңейте түсуге ниетті екенін атап өтті. Сонымен бірге, ҚР Үкіметінің басшысы "Бір белдеу, бір жол" жобасының аясында екі елдің темір жол жүйелерінің бірлесіп қатысуының үлкен әлеуетін айтып өтті.

Жалпы алғанда, тараптар қазіргі өзара іс-қимылды нығайтуды жалғастыруға және ынтымақтастықтың жаңа бірлескен бағыттарын іске асыру жөніндегі жұмыстарды жандандыруға ниет білдірді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro