Қазақстан мен Түркияның Қарулы Күштері офицерлерімен алмасуға келісті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев пен Түрік Республикасы ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы армия генералы Хулуси Акар. © ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев пен Түрік Республикасы ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы армия генералы Хулуси Акар. © ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз

Қазақстан мен Түркияның Қарулы Күштері өзара әскери кадрлармен алмасуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аға лейтенанттан бастап капитан атақтағына дейінгі әскери қызметшілермен, взвод және рота қолбасшыларымен алмасу жоспарланды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мен Түркияның Қарулы Күштері өзара әскери кадрлармен алмасуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аға лейтенанттан бастап капитан атақтағына дейінгі әскери қызметшілермен, взвод және рота қолбасшыларымен алмасу жоспарланды.

Бұл туралы Түрік Республикасы Қарулы Күштеріндегі Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы армия генералы Хулуси Акар бастаған әскери қызметшілер делегациясының Астанаға ресми сапары барысында белгілі болды. "ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов түрік елінен келген әріптестерін қарсы ала отырып, Қазақстан Түркиямен ынтымақтастықты дамытуға айтарлықтай көңіл бөліп отырғандығын және оның негізі екі елдің тарихи-мәдени туыстығында жатқанын атап өтті", - деді баспасөз қызметіндегілер. Қазақстан және Түркияның қорғаныс аумағында өзара тәжірибе алмасудың маңызы зор, оның ішінде заманауи қару-жарақтар мен әскери техникаларды модеринизациялау және әзірлеу, сондай-ақ әскери қызметшілерді жауынгерлік даярлау әдістерін зерделеу саласын ерекше атауға болады.

Сонымен қатар, ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің Түрік Республикасы ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы армия генералы Хулуси Акарға "ҚР Қарулы Күштерінің 20 жылдығы" мерейтой медалін табыс еткені хабарланды. Түрік делегациясы сапар барысында 68665 әскери бөлімінде болып, "Қазақстан Aselsan Инжиниринг" зауытындағы қару-жарақтар мен әскери техникалар үлгілерімен танысып қайтты. Осыдан кейін қонақтар ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс универститетін және "Бәйтерек" Монументін, "Хазрет Сұлтан" мешітін, ҚР Ұлттық мұражайы және басқа да Астананың көрікті жерлерін аралады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro