ІІМ шетелдік нөмірмен жүрген қылмыскерлер жайлы айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев шетелдік нөмірмен жүретін автокөлік иелері істейтін қылмыстар жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев шетелдік нөмірмен жүретін автокөлік иелері істейтін қылмыстар жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, қылмыскерлер шетелдік нөмірлері бар автокөлікті арнайы сатып алу деректері барын айтты.

"Соңғы дерек - Павлодар облысында біздің үш отандасымыз Ресей Федерациясынан сақтандыру бойынша ВАЗ 2106 сатып алып, онымен кәсіпкердің автокөлігін соғып, сосын қарақшылық шабуыл жасаған. Содан кейін олар осы көлікті өртеп, осылайша заттай деректен құтылған. Өкінішке орай, мұндай қылмыстар аз емес", - деді Марат Қожаев

Оның айтуынша, 2019 жылы бейнебақылау камераларын тіркеген шетелдік ЖҚЕ бұзушылық саны 2018 жылмен салыстырғанда 3,5 есеге өскен.

"27 мыңнан 90 мыңға дейін құқық бұзушылық тіркелді. Сонымен қатар, Қазақстан азаматтары шетелдік автокөліктерімен 1 800 жол-көлік оқиғасын жасады, оның ішінде 1 400 жол-көлік оқиғасы ірі материалдық шығынмен, 428 жол-көлік оқиғасы салдарынан 132 адам қаза тауып, 528 адам жарақат алды. 2019 жылдың қазанынан бастап біз осы автомобильдер туралы сақтандыру деректер базасынан деректерді алуға мұмкіндік алдық. Бұл мәселені біршама жеңілдетді, бірақ бұл айсбергтің шыңы ғана. Барлығы ЖҚЕ бұзбайтыны анық", - деді Марат Қожаев.

Оның айтуынша, біздің елге жеткізілген автокөлік иелері туралы толық мәліметтер жоқ екен. 

Сонымен қатар, ол ІІМ базаларында мұндай автокөліктерді тіркеудің болмауы қылмыскерлер үшін арам пиғылды ісін атқаруға оңтайлы қару болып кетуі мүмкін. 2019 жылы 400 құқық бұзушылық тіркелген, олар бойынша қол сұғу нысаны немесе қылмыс құралы жақын шетелден көлік құралдары болған. Оның 335-і ұрлық, 60-ы басқа да қылмыстар. 

"ІІМ-нің деректер базасы мұрағатында болмаған жағдайда мұндай көлікті табу өте қиын. Сонымен қатар, иесі көлік оған заңды негізде тиесілі екенін дәлелдеуі де қиын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro