Муфтият - қаныпезер қарақшылық пен қан төгуді қатаң айыптайды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы Денис Теннің отбасы мен жақындарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі мүфтият сайтына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы Денис Теннің отбасы мен жақындарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі мүфтият сайтына сілтеме жасап. 

Дін басқармасының сайтында былай делінген: 

"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Денистің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айта отырып, болған оқиғаға сабыр тілейміз, қайғысына ортақпыз. Бұл оқиға - қанышерлік іс әрі жабайылықтың, қарақшылықтың көрінісі. Ислам діні - қарақшылықпен айналысып адам қанын төгуді айыптайды және бірде-бір адамды жазықсыз өлтіруге жол бермейді. Тіпті, сол арқылы күллі адамзатты құтқару қажет болса да. Сондықтан да, бір адамның қанын төгу барша адамзатты өлтіргенмен тең

Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде қан төгушілікті айыптай отырып: "Кімде-кім кісі өлтірмеген немесе жер бетінде бүлік шығарып, бұзақылық жасамаған бейкүнә жанды нақақтан-нақақ өлтірсе, бүкіл адамзатты өлтіргендей болады", - делінген Құранның әл-Мәида сүресінің 32-ші аятында.

Сонымен қатар, имам Мүслім, Насаи және Тирмизи секілді ғалымдардың хадистер жинағында келгендей Алла елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): "Алла үшін бір адамды өлімге бұйыруға қарағанда бүкіл әлемді жоқ ету әлде қайда жеңіл", - дейді. Яғни, Алланың құзырында әрбір адам баласының қадір-қасиеті бар.
Міне, Жаратушының алдында қадірі бар адамның қанын төккені үшін қылмыскерлер заң бойынша қатаң түрде жазалануы қажет. Алла Тағала Құранда: "Қарақшылықпен айналысып жер бетінде бүлік шығарып, бұзақылық жасағандарға берілетін жаза – ...олардың дүниеде көретіні қорлық. Ал, ақыретте олар үшін жан төзгісіз азап бар", - деген. Аяттың мағынасына үңілер болсақ, Алла Тағаланың Өзі құрметке бөлеген адам баласының жазықсыз өлімі үшін дүниеде қорлыққа ұшыратып, ақыретте қатаң жаза беретіндігі ескертілуде. Себебі, мұндай сорақы қылмыс тек қана қатыгез қылмыскердің ғана ісі".

Алматыда Денис Тенмен қоштасу рәсімі 21 шілдеде Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтеді.

Қоштасу рәсімі сағат 10.00-де басталады.

Еске сала кетейік, Денис Тен кеше, 19 шілдеде қайтыс болды. Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер спортшы өмірімен бірнеше сағат арпалысты, бірақ амал не өмірін сақтап қала алмады

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro