Назарбаев Қасиетті Успен кафедралдық соборына барды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© akorda.kz © akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Қасиетті Успен кафедралдық соборына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев Қасиетті Успен кафедралдық соборына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады.

"Бүгін бүкіл Қазақстан, барлық конфессиялар мен этностардың өкілдері осы мейрамды атап өтіп жатыр. Бұл мереке мейірімділік пен бақ-берекенің символы саналады. Осы күні ескі өкпе-реніштер ұмытылып, мұқтаж жандарға көмек көрсетіліп, дұға оқылады", - деді Қазақстан Президенті.

Елбасы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап мемлекетіміздің этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту жөніндегі жұмыстарды жүргізіп жатқанына тоқталды.

"Біз бірлігіміздің арқасында экономикада және халқымыздың әл-ауқатын арттыру ісінде зор жетістікке жеттік. Мен егемендік жылдары ішінде православ христиандарының қолдауын сезіндім, сол үшін сіздерге ризашылық білдіремін", - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің жер бетіндегі бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға бағытталған жаһандық дінаралық диалогты дамыту ісіндегі рөлін атап өтті.

"Бұл күндері барлық православ қауымы Жаратушыдан жақындарына денсаулық пен амандық, елімізге тыныштық, бейбіт өмір мен келісім тілейді. Осы дұға-тілектердің бәрі қабыл болсын! Баршаңызды Рождество мерекесімен тағы да құттықтап, сіздерге зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін!", - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Қазақстанның бірлік пен бейбітшіліктің арқасында ғана жаңа табыстарға қол жеткізетінін айтты.

"Біз достық пен өзара түсіністікті, бір-бірімізге деген сенімді нығайтуға бағытталған саясатымызды жалғастыратын боламыз. Осындай бастамамамен ғана алға ілгерілеп, болашақ ұрпақтың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасай аламыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында Қазақстан Президенті Православ Шіркеуі Рухани-мәдени орталығының дін жолында құрбан болғандар мен дін таратушылар музейінің экспозициясын аралап көрді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro