Назарбаев: Қазақстан - Үндістанның өңірдегі ең ірі серіктесі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елге ресми сапармен келген Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елге ресми сапармен келген Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптардың екіжақты ынтымақтастықтың сауда-экономика, инвестиция, отын-энергетика, транзит-көлік және өзге де салалардағы кең ауқымды мәселелерін талқылағаны айтылған. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев пен Нарендра Моди өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы Қазақстан-Үндістан ынтымақтастығын одан әрі арттыру және оның аясы кеңейту үшін айтарлықтай әлеует бар екенін атап өтті. "Біз 1991 жылы өзіміздің тәуелсіздігімізді жарияладық, оның алғашқы күндерінен бастап Қазақстан Үндістанмен жақын әрі сенімді қарым-қатынас орнатуға ұмтылып келді. Мен сауда саласындағы және саясаттағы ынтымақтастыққа тың серпін беретін Сіздің сапарыңыздан зор үміт күтемін. Бүгінде Қазақстан - Үндістанның өңірдегі ең ірі серіктесі. Өзара ықпалдастықты одан әрі өрістету үшін де зор перспективалар бар", - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаевқа Үндістан Премьер-министрі жылы шырайлы қабылдауы үшін алғыс айтып, сапардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Моди 1,2 миллиард адамнан асатын Үндістан халқының және жеке өзінің атынан Нұрсұлтан Назарбаевты өткен туған күнімен құттықтап, Қазақстан Президентінің көреген саясатының бүкіл ел халқына игілік әкелетініне сенім білдірді.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro