Назарбаев Түркияның бұрынғы президенті және Польша басшысымен телефон арқылы сөйлесті

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының бұрынғы президенті Абдулла Гүл және Польша Республикасының Президенті Анджей Дудамен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының бұрынғы президенті Абдулла Гүл және Польша Республикасының Президенті Анджей Дудамен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Телефон арқылы сөйлесуге түрік жағы бастамашы болған.
 
"Әңгімелесу барысында Абдулла Гүл Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік деңгейдегі беделді саясаткер әрі тәуелсіз Қазақстанның егемендігін бекемдеп, аймақтағы көшбасшы ел ретінде қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан мемлекет қайраткері екендігін атап өтті", - делінген хабарламада. 

Олар бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады. Абдулла Гүл Елбасына зор денсаулық және алдағы қызметіне табыс тіледі. 

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Польша Президенті Анджей Дудамен телефонмен сөйлесті. 
 
"Польша Президенті Анджей Дуда Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешімінің тарихи мәні бар екенін атап өтті. Анджей Дуда Елбасының заманауи Қазақстанды қалыптастыру мен дамыту ісіндегі рөлін жоғары бағалап, достық пен сенімге негізделген Қазақстан-Польша ынтымақтастығын жемісті ілгерілетуге зор еңбек сіңіргені үшін алғыс айтты", - делінген хабарламада. 

Олар тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты. Польша Президенті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасына мықты денсаулық, алдағы қызметіне табыс тіледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro