ОҚО-да баға саудалаған мұғалім жұмыс істеген колледждің басшылығы түгелдей жұмыстан кетті, - деп хабарлайды Tenrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Әлібек Шоқпаровқа сілтеме жасап.
ОҚО-да баға саудалаған мұғалім жұмыс істеген колледждің басшылығы түгелдей жұмыстан кетті, - деп хабарлайды Tenrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Әлібек Шоқпаровқа сілтеме жасап.
Айта кетейік, Түлкібас ауданындағы агробизнес және туризм колледжінде математика пәнінің мұғалімі емтихан бағасын ашықтан-ашық саудалап отырған жерінен видеоға түсіріліп, басы дауға қалған болатын. Бұдан кейін оның жұмыстан кеткендігі хабарланды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында оның колледж оқытушысы Нұржамал Жанбосынова ҚР "Еңбек кодексінің" 52-бабы 1-тармағы, 14-тармақшасына сәйкес жұмыстан босатылғаны айтылған еді. Кейін кәсіптік оқыту бөлімінің меңгерушісі Ж. Қилыбаева және бөлім меңгерушісі Т. Бектұров лауазымдық қызметінен босатылған.
"Еңбек демалысынан шыққан колледж директоры С.Мыңбай Еңбек кодексінің 49-бабы, 5-тармағына сәйкес өз өтініші бойынша жұмысынан босатылды. Сонымен қатар, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бақыт Дәулетов 52-бап, 1-тармақ, 16-тармақшасы бойынша 15 ақпан күні жұмысынан босатылды", - деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Әлібек Шоқпаров.
Еске салайық, колледж мұғалімінің емтихан бағасын саудалап отырған сәтінде видеоға түсіп қалғаны хабарланған болатын. Емтихан бағасын Түлкібас ауданындағы агробизнес және туризм колледжінде математика пәнінің мұғалімі саудалаған. Әйелдің бұл әрекеті видеоға түсірілген, кейін әлеуметтік желіге салынған. Педагог видеода емтихан бағасының 2000 теңге екенін, ал тоқсандық бағаның 1500 теңге екенін айтады. Ал шәкіртақы түскенше қарызға қойып беруін сұраған студенттерге мұғалім қарсы шығады.