25 маусым 2015 | 14:48

Педофилдер ата-аналардың өз балаларының зорланғанын жарияламауын пайдаланады - Бекназаров

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Rubb.ru © Rubb.ru

Педофилдер ата-аналардың өз балаларының зорланғанын жарияламауын пайдаланады. Бұл туралы бүгін Жоғарғы соттың бұрынғы төрағасы,  Парламет Сенатының депутаты Бектас Бекназаров мәселе көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Педофилдер ата-аналардың өз балаларының зорланғанын жарияламауын пайдаланады. Бұл туралы бүгін Жоғарғы соттың бұрынғы төрағасы,  Парламет Сенатының депутаты Бектас Бекназаров мәселе көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұған қатысты статистикалық ақпарат айтқан кезде біз жасырын қалған, яғни жарияланбаған оқиғаларды да есептеуіміз керек. Мұндай қайғыны басынан өткізген кей ата-аналар баласының өмірі үшін оқиғаны жариялауға ұялып, жасырын қалдырады. Осыдан кейін қылмыскерлер жазасыз қалып, варварлық әрекеттерін жалғастыра береді", - деді сенатор Бектас Бекназаров. Оның айтуынша, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың көбеюі заң жобасына өзгеріс енгізуді талап етеді.

"Кәмелеттік жасқа толмағандар мен зорлық-зомбылық жасағандарды жауапкершілікке тартып, қылмыстың бұл түріне тосқауыл болудың бірден бір жолы - заңды күшейту. Қылмыстық кодекстің осы пункттеріне өзгеріс енгізіп, кінәлілерге қатысты жазалау шараларын күшейту қажет. Осыған орай Үкімет заң нормаларына өзгеріс енгізіп, оны Парламенттің қарауына жіберуі керек", - деді сенатор.

Бектас Бекназаров кәмелеттік жасқа толмағандар мен әйелдерге сексуалды зорлық-зомбылық жасаған қылмыскерлерді медициналық және химиялық жолмен піштіру заңын енгізу қажет деп есептейді. 

"Мұндай қылмысқа барғандарды уақытынан бұрын абақтыдан шығару, жеңілірек жаза қолдану, бас бостандығынан шартты түрде айыру, кешірім беру сияқты Парламент енгізетін жазалауды жеңілдету жолдарының негізін де қайта қарау керек. (...) Жәбірленуші тараппен ымыраға келіп, кешірімге ілінетін зорлық-зомбылық жасаған қылмыскерлерге қатысты қылмыстық істі тоқтататын институттар да қайта қаралуы тиіс", - деді депутат Бекназаров.

Ол Бас Прокуратураға қарасты Құқық қорғау статистика комитетінің тараптардың ымыраға келуі көбейіп бара жатқандығы туралы ақпаратын да мысалға алды. "Яғни, қылмыскерлер тиісті жазасын алмайды, ал қылмыс күннен күнге өсіп жатыр", - деді ол. Бекназаров жасөспірімдер қатысқан порнографияларды жариялайтын интернет-ресурстарға жаңа механизмдер мен амалдар енгізу қажет екенін айтты.  

Еске сала кетейік, жуырда Бас прокуратура қызметкерлері кәмелеттік жасқа толмағандармен жыныстық қатынасқа түскендерге қатысты мәселені талқылады. Сол кезде бас прокурордың орынбасары Қазақстанда педофилдерді піштіру жазасын қолданысқа енгізуді ұсынды.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети