15 мамыр 2015 | 12:03

Шенеуніктер биылғы ҰБТ-ны "әділеттірек" өткізуге ниеттеніп отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҰБТ-2015-тің жаңалықтары туралы толығырақ ОКҚ-де өткен брифингте ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҰБТ-2015-тің жаңалықтары туралы толығырақ ОКҚ-де өткен брифингте ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалғасы

"ҰБТ жүйесін дамыту туралы айтатын болсақ, біз бүгінгі таңда 11 жылдан бері өткізіліп келе жатқан ҰБТ-ға үлкен талдау жасадық, министрлікте біз бірыңғай ұлттық тестілеуді бұдан да әділетті өткізу және әкімшілікті жақсарту туралы жұршылықтан, ата-аналардан, түлектерден келген сауалдарды ескердік. Бүгінгі таңда апелляция негізінде дайындалып, жүргізілген талдаулар, ұстаздардың, ата-аналардың ұсыныстары біздің жаңалық енгізуімізге алып келді", - деді Нүсіпов.

Бұған дейін Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеуден (ҰБТ) кейінгі баға беру жүйесінің өзгергені хабарланған болатын. Енді аттестатқа баға қойылатын кезде тек ҰБТ нәтижесі емес жыл бойғы баға да ескеріледі.

Нүсіповтің айтуынша, білімнің бағасы әділ қойылуы тиіс. "Оқушылар әртүрлі себеппен ҰБТ-ны сәтті тапсырмауы мүмкін, осыған байланысты біз тестілеудегі пәндер бойынша орташа арифметикалық бағаны енгізіп отырмыз. Егер оқушы 11 жыл бойы жақсы оқып, бірақ ҰБТ-да "үш" деген баға алса, аттестатқа "төрт" қойылады. Мұндай, бүкіл мектеп жылдарында жақсы оқығандар үшін қарастырылған белгілі бір әлеуметтік әділеттікті жұршылық күтіп отыр", - деді ол.

Дегенмен әлеуметтік әділеттік элиментінің екінші жағы да бар, - деп жалғады ол сөзін, - мектепте оқымағандар, оқығысы келмегендер, кейде жолы болып немесе тыйым салынған әдістер, мысалы көшіру арқылы ҰБТ-ны сәтті тапсырғандар. Мұндай кезде мектептегі баға мен ҰБТ-ның нәтижесі ескерілетін болады. Онша ынталы болмаса да 11 жыл бойы жақсы оқыған оқушыдан грантты алып алуы мүмкін. Сондықтан біз бұл жаңалық оқушылардың ата-аналарын психо-эмоционалдық жүктен арылтады деп есептейміз", - деді ол.

Сонымен қатар, Нүсіповтің айтуынша, өңірлерде ҰБТ өтетін пункт желілерін кеңейту тапсырылды. Бұл жердегі әңгіме ҰБТ тапсыратын пунттерден 200-300 шақырым жерде орналасқан мектептер туралы. "Алыс жолдар, балалар автобуспен келіп шаршайды, біз оларды аудиторияларға кіргіземіз, уақыт кетеді. Біз мұны қаламаймыз. Біз балалардың жайбарақат, стрессіз, денеге ауыртпалық түсірмей тест тапсырғандарын қалаймыз", - деп түсіндірді министрлік өкілі.

Сонымен қатар, ол ҰБТ ағымдарының деңгейі 600 адамға дейін азайтылғанын хабарлады. "Тестілеудің нәтижелері бойынша оқушылардың аты-жөндері ілінбейтін болады, олар ЖСН мен тесттердің жеке номерлеріне ауыстырылады. Бұл не үшін керек? Бүкіл әлемде тестілеу ғимараттары шифрланған. Ол ата-аналар мен түлектердің талабы болды. Оған қол жеткізу ұлттық тестілеу орталығы арқылы ҰБТ өткен күні сағат 15.00-ден бастап мүмкін болады", - деді Нүсіпов.

Сонымен қатар, 2015 жылы әрбір пунктте техникалық маман отырады, ол ҰБТ кезінде барлық техникалық құралдың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін болады. "Әрбір облыста өңірлік штаб құрылады, Білім және ғылым министрлігінде республикалық штаб болады. Біз барлық уақыт бойы қол режимінде ҰБТ-ның әрбір пунктімен байланысып отырамыз. ҰБТ форматы, қорытынды емтихан, ол өзгермейді. Біз тесттің үлесін логикалық, функционалдық сауаттылыққа қарай арттырамыз. Сондықтан, оқушылар мен ұстаздарды тістенбей, алған білімдерін дұрыс пайдалануға шақырғымыз келеді", - деді шенеунік.

Биыл ҰБТ 2-15 маусым аралығында өтеді. Министрліктің мәліметінше, биыл 126 786 қазақстандық мектеп бітіреді. Сонымен қатар, ҰБТ-2015 базасының қанша пайызға жаңартылғаны белгілі болды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети