13 қазан 2015 | 14:36

Шығыс Қазақстанда 35 адамда екі елдің азаматтығы бар болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© eurotripblog.ru © eurotripblog.ru

Шығыс Қазақстан облысының 35 тұрғынында екі елдің азаматтығы бар болып шықты, - деп хабарлайды YK-news.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысының 35 тұрғынында екі елдің азаматтығы бар болып шықты, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Порталдың мәліметінше, екі азаматтығы бар 10 адам елден қуылды, ал қалғандарына ірі көлемде айыппұл салынды. Алайда олардың екі елдің азаматтығын әдейі алмағандары анықталды.

"Олар екі елдің төлқұжатына Ресейге қоныс аудару бағдарламасы арқылы қол жеткізген. Ресей тарапы Қазақстан азаматтығынан айырылмай тұрып, төлқұжат бере береді, сондықтан олардың қолында қазақстандық және ресейлік төлқұжат болған. Екі азаматтығы барларға ірі көлемдегі айыппұл (200 АЕК - 396 400 теңге) немесе елден қуу түріндегі жаза қолданылады", - делінген жарияланымда.

ШҚО ІІД көші-қон полициясы басқармасының мәліметінше, биыл тоғыз айдың ішінде анықталған екі азаматтығы бар адамдардың барлығы жауапкершілікке тартылды. Он адам айыппұлды төлей алмағандықтан елден қуылды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети