24 қыркүйек 2014 | 16:54

"Ислам мемлекеті" Ұлыбританияға шабуыл жасауды көздеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дэвид Кэмерон. ©24daily.net Дэвид Кэмерон. ©24daily.net

"Ислам мемлекеті" (ИМ) радикал тобының содырлары Ұлыбританияға шабуыл жасауды ойластырған. Бұл туралы Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон америкалық NBC телеарнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды РИА Новости


Иконка комментария блок соц сети

"Ислам мемлекеті" (ИМ) радикал тобының содырлары Ұлыбританияға шабуыл жасауды ойластырған. Бұл туралы Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон америкалық NBC телеарнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды РИА Новости

Кэмеронның айтуынша, "Ислам мемлекеті" құрылымына қарсы күрес үшін барлық нұсқаны жоққа шығаруға болмайды. "Олар басқа да шабуылдарды іске асыруға әрекеттенді, соның ішінде, менің еліме кісі өлтіру, жазықсыз адамдарды жарақаттау мақсатымен шабуылдар жасамақ болды. Мұндай жайт АҚШ-қа да қатысты. Бұл - шет қалуға болмайтын күрес. Бұл адамдар бізді өлтіргісі келеді. Біз түбінде бұл зұлымдық ұйымын жою үшін коалиция құруымыз керек", - деді премьер. 

Ағылшын үкіметі қызметінен хабар тарататын тілшілердің хабарлауынша, Кэмерон Нью-Йорктен келгеннен кейін парламент отырысын шақырғалы отыр. Егер парламент Ұлыбританияның Иракта "Ислам мемлекеті" содырларына әуеден соққы жасауына келісім берсе,  АҚШ пен Францияның әскери операцияларды іске асыруына Біріккен Корольдік те араласатын болады.

Айта кетейік, 2013 жылы парламент Кэмеронға Сирияда осындай операция жүргізуге келісім бермеген болатын. Бірақ бұл жолы лейбористер үкіметтің ұсынысына түсіністікпен қарайтынын мәлімдеді. Ирак премьері Хайдар әл-Абади Ұлыбританиядан "Ислам мемлекеті" тобына қарсы күресте көмек беруді ресми түрде сұрамақшы.

Еске сала кетейік, 23 қыркүйек күні АҚШ бірқатар араб елдерінің қолдауымен Сирияда "Ислам мемлекеті", "Джебхат ән-Нұсра" және "Хорасан" қозғалыстарына әуеден соққы берген болатын. АҚШ Орталық қолбасшылығының мәліметінше, соққылар Катар, Бахрейн, Иордания, Сауд Арабиясы және БАӘ-нің қатысуымен Қызыл теңіз бен Парсы шығанағының солтүстігіндегі халықаралық айдындарда тұрған кемелерден жасалды. Әуе соққысы кезінде сегіз бейбіт тұрғын қаза тапты. 30 лаңкестің көзі жойылды. "Ислам мемлекеті" содырларына барлығы 194 әуе соққысы жасалды, оның 16-сы Сирия аумағында.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети