Головкин сияқты боламын, тек шахматтан - Жансая Әбдімәлік

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© vesti.kz © vesti.kz

Шахматтан Әлем чемпионы Жансая Әбдімәлік сайыстарда ұзақ уақыт шыдап отыру үшін жүзумен айналысатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Шахматтан Әлем чемпионы Жансая Әбдімәлік сайыстарда ұзақ уақыт шыдап отыру үшін жүзумен айналысатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін Алматыда баспасөз мәслихатын өткізген Жансая Әбдімәлік жақында Италияның Тарвизио қаласында 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен әлем чемпионатында қалай жеңіске жеткенін баяндады.

Айта кетейік, Жансая аталған әлем біріншілігінде қажетті 11 ұпайдың 9,5-ын жинап, жеңіс тұғырынан көрінді. Жансаяның айтуынша, бұл жеңісі оған 2018 жылы әйелдер арасында өтетін әлем чемпионатына қатысуға жол ашқан.

"Тарвизио қаласында өткен сайыс өте күрделі болды. Соңғы турға дейін аянбай айқасуға тура келді. Турнирге қатысушылар арасында мен рейтинг бойынша үздіктердің бірі болғаныма байланысты қарсыластарым маған бар күшін жұмсады. Бірақ мен бұл сайысқа жарты жыл тыңғылықты дайындалдым", - деді Жансая Әбдімәлік.

Журналистердің сұрағына жауап берген спортшы үлкен сайыстарда шахмат тақтасы алдында ұзақ уақыт тапжылмай отыруға не көмектескенін айтып берді.

"Мен жүзумен айналысамын. Оның көмегі зор. Күнде барамын, жаттықтырушым бар, 1,5 сағат жүземін. 2015 жылы әлем чемпионаты алдында мен ауырып қалып, жүзуге бара алмадым. Соның кесірінен мен сайыстың соңына қарай шаршап жүрдім. Соңғы турда тіпті қатты шаршадым. Егер мені түн ортасында оятып мына ойынды қалай аяқтар едің десе, айтып берер едім, бірақ әлсіздіктен мен соңғы ойында қиналдым. Кофе де іштім, шоколад та жедім", - деді спортшы.

Жансая сонымен қатар, үлкен сайыстан кейін қалай демалатынын айтты.

"Мен үлкен сайыстан кейін шахмат туралы ойламауға тырысамын. Ән тыңдап, таза ауада серуендеймін. Мен Геннадий Головкин сияқты боламын, тек шахматтан", - деді ол.

Айта кетейік, Жансая Әбдімәліктің шахмат академиясы Қазақстан чемпионатын өткізу құқығын жеңіп алған. Аталған чемпионат 2018 жылдың 4-16 қаңтары аралығында Алматыда Қазақ-британ университетінде өтеді. Оған барлығы 500 спортшы қатысады. Сайысқа Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегерлері Айша Закирова, Әмина Қайырбекова, Меруерт Камалидинова, Әмел Серікбай, Назерке Нұрғали сынды үздіктер қатысады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro