Сурет volley.kz сайтынан
Павлодарда волейболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының төртінші туры өтуде, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Сейсенбі күні Павлодарда волейболдан әйелдер арасындағы ел чемпионатының "Ұлттық лигадағы" төртінші туры басталды. Әзірше Талдықорғанның "Жетісуы" көш бастап келеді. Кейінгі жылдары ел чемпионатында қарсыластырын оңды-солды ұтып, үстемдік құрған "Жетісу" биыл жылдағыдай емес. Өткен үш турдың әрқайсысында бір ойында ұтылып қалды. Бірақ бұл оның көшбасшылық мәртебесіне нұқсан келтіріп отырған жоқ. Дегенмен, ел біріншілігі жылдағыдай емес, біршама тартысты өтуде. Себебі басқа командалар да біршама ысыла түскен. Төртінші тур 16 ақпанда аяқталады. Сейсенбіден бастап "Ұлттық лигадағы" алты үздік командамыз бір айналымдық жүйемен додаға түсуде. Алда әлі екі тур бар. Бесінші тур 8-15 наурыз аралығында Қарағандыда, ал соңғы алтыншы тур 1-8 сәуір күндері Талдықорғанда өтеді. Төртінші турдағы екі ойынды қоса есептегенде, дәл қазір көш басында – "Жетісу" қыздары. Талдықорған клубы 17 ойыннан 41 ұпай еншіледі. Тура осынша 17 ойыннан 35 ұпай жинаған "Ертіс-Қазхром" (Павлодар облысы) екінші орынға жайғасты. "Алматы" арулары 33 ұпаймен олардың өкшесін басып келеді. Бұдан кейінгі орындарда – "Қарағанды" (29 ұпай), "Астана" (12 ұпай) және Өскеменнің "Шығыс-СвинецСтрой" (3 ұпай) командалары.
Павлодарда волейболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының төртінші туры өтуде, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сейсенбі күні Павлодарда волейболдан әйелдер арасындағы ел чемпионатының "Ұлттық лигадағы" төртінші туры басталды. Әзірше Талдықорғанның "Жетісуы" көш бастап келеді. Кейінгі жылдары ел чемпионатында қарсыластырын оңды-солды ұтып, үстемдік құрған "Жетісу" биыл жылдағыдай емес.
Өткен үш турдың әрқайсысында бір ойында ұтылып қалды. Бірақ бұл оның көшбасшылық мәртебесіне нұқсан келтіріп отырған жоқ. Дегенмен, ел біріншілігі жылдағыдай емес, біршама тартысты өтуде. Себебі басқа командалар да біршама ысыла түскен.
Төртінші тур 16 ақпанда аяқталады. Сейсенбіден бастап "Ұлттық лигадағы" алты үздік командамыз бір айналымдық жүйемен додаға түсуде. Алда әлі екі тур бар. Бесінші тур 8-15 наурыз аралығында Қарағандыда, ал соңғы алтыншы тур 1-8 сәуір күндері Талдықорғанда өтеді.
Төртінші турдағы екі ойынды қоса есептегенде, дәл қазір көш басында – "Жетісу" қыздары. Талдықорған клубы 17 ойыннан 41 ұпай еншіледі. Тура осынша 17 ойыннан 35 ұпай жинаған "Ертіс-Қазхром" (Павлодар облысы) екінші орынға жайғасты. "Алматы" арулары 33 ұпаймен олардың өкшесін басып келеді. Бұдан кейінгі орындарда – "Қарағанды" (29 ұпай), "Астана" (12 ұпай) және Өскеменнің "Шығыс-СвинецСтрой" (3 ұпай) командалары.