Классикалық шахмат ойындарынан командалық турнир Әбу-Дабиде 28 наурыз бен 5 сәуір аралығында өтті.
Қазақстан құрамасы Азия ұлттары Кубогында 3-орын алды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Әбу-Дабиде (БАӘ) өткен командалық турнирге 20 елден 22 команда қатысты.

Еліміздің намысын ерлер арасында Ринат Жұмабаев, Мұртас Қажғалеев, Әнуар Исмағамбетов, Рустам Құснитдинов пен Петр Костенко қорғады. Турнирдің қорытындысы бойынша, 17 ұпай жинаған үнді шахматшылары жеңіске жетті. Екінші орынды 15 ұпаймен Қытай құрамасы алса, біздің шахматшылар 14 ұпайды жинап, үздік үштіктің қатарына кірді.
© Данияр Әшіров
Қазақстанның атынан әйелдер құрамасында Динара Сәдуақасова, Жансая Әбдумәлік, Гүлмира Дәулетова мен Шолпан Жылқайдарова шықты. Қорытынды айналымның алдында біздің шахматшылар 2-орында тұрды. Алайда, соңғы айналымда Вьетнам құрамасын жеңу мүмкін болмады. Содан Өзбекстан құрамасы біздің шахматшыларды үшінші орынға ығыстырды.
© Данияр Әшіров
Айта кетейік, Қазақстан-Өзбекстан арасында өткен жеке кездесуде қазақстандық ойыншылар мықтырақ болған. Ал жеңісті Қытай шахматшылары тойлады. Азия ұлттары Кубогының гроссмейстерлерінің жеке рейтингінде қазақстандықтар арасынан Мұртас Қажғалеев (103 спортшының ішінде 4-орында) және Жансая Әбдумәлік (49 шахматшының ішінде 8-орында) жоғары көрсеткішпен тұр.
© Данияр Әшіров
Айта кетейік, бүгін Азия ұлттары Кубогында жылдам шахмат ойындарынан турнир басталды.