Алматыда теңге дизайнын жасаған Тимур Сүлейменовпен қоштасу рәсімі өтті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне

Алматыдағы Қазақстанның Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде белгілі қоғам қайраткері, еңбегі сіңген өнер қайраткері және Қазақстанның дизайнерлер Одағының президенті Тимур Сүлейменовпен қоштасу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы Қазақстанның Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде белгілі қоғам қайраткері, еңбегі сіңген өнер қайраткері және Қазақстанның дизайнерлер Одағының президенті Тимур Сүлейменовпен қоштасу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көңіл айту жеделхатын Алматы әкімі Бауыржан Байбек оқып берді. Мемлекет басшысы белгілі қоғам қайраткері Тимур Сүлейменовтың қайтыс болғаны жөніндегі хабарды қатты қайғырып қабылдаған.

"Тимур Бимашұлы өз мамандығының хас шебері еді. Ол архитектор және дизайнер ретінде кемел білімі мен мол тәжірибесін туған елінің игілігіне арнап еңбек етті. Қазақстанда осы өнер түрлерінің дамуына лайықты үлесін қосып, бірқатар маңызды жобалардың іске асуында өз қолтаңбасын қалдырды. Елімізде алғаш рет Дизайнерлер одағын құрып, көп жыл бойы соның жұмысына жетекшілік жасады. Кезінде республика Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланып, заң шығару қызметінің дамуына да үлесін қосты. Аяулы азаматтың еңбегі мен дидары халқымыздың жадында әрдайым сақталады деп ойлаймын", - делінген жеделхатта.

Бүгінгі күні оның өзіндік қолтаңбасын еліміздің әр өңірінен көруге болады. Олардың арасында Астанадағы саяси репрессия құрбандарына арналған Мемориалды кешен, "Атамекен" этно-мемориалды паркі, Аңырақай шайқасындағы тарихи ескерткіштер, Алматы облысындағы "Черкасск қорғанының батырлары" мемориалды кешені бар.

Тимур Сүлейменов Мәскеудегі Абай ескерткіші мен Алматыдағы "Тәуелсіздік таңы" монументін жасауға да қатысқан еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course down  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro