Бүгін Алматы облысындағы Қаскелен Қарасай аудандық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Баян Есентаеваның күйеуіне қатысты сотқа алқа билерін іріктеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін Алматы облысындағы Қаскелен Қарасай аудандық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Баян Есентаеваның күйеуіне қатысты сотқа алқа билерін іріктеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Баян Есентаеваның өзі бұл жолы да сот отырысына қатысқан жоқ - ол қазіргі уақытта Үндістанда ем қабылдап жатыр. Еске салайық, алдын ала тыңдалымға жәбірленуші келмеген болатын. Алайда сот процесіне олардың қызы қатысқан болатын, Бақытбек Есентаевтың қорғаушысының айтуынша, олардың қызы әкесінің құқығын қорғайды.
Сотталушының өкілдері
Баян Есентаева 10 маусымда ауыр жағдайда Талғардағы ауруханаға түскен болатын. Тергеудің мәліметінше, оны күйеуі Бақытбек Есентаев аяусыз ұрып соғып, бірнеше рет пышақтаған. Бұл оқиға Еңбекші ауылының маңында Құлжа тас жолында болған.
Ер адам ұсталып, Талғар аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Кейін ІІБ өкілдері медициналық куәландыру қорытындысы бойынша Бақытбек Есентаевтың мас болғанын айтты. Ол өз кінәсін мойындап отыр екен. Іс "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша тергеліп жатыр. Есентаева ауруханада 10 күн болды, бірақ үйіне шыққаннан кейін де амбулатор тәртібінде ем алды.
Ал кейін Баян Есентаева жұртты дүрліктірген оқиғадан кейін бірінші рет сұхбат берді. "Командир такси" өкілдері Баян Есентаеваны ұрып-соғу кезінде жүргізушінің әрекетіне түсінік берген болатын.