02 маусым 2015 | 13:15

Биыл алматылық түлектердің 79 пайызы ҰБТ тапсырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Әлішер Ахметов © Әлішер Ахметов

Алматыда мектеп түлектері Ұлттық Бірыңғай тестілеу емтиханын тапсыруға кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қалада 6221 адам, яғни түлектердің 79 пайызы тестілеуге қатысады. Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов республика бойынша түлектердің 70 пайызы ҰБТ-ға қатысатынын айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда мектеп түлектері Ұлттық Бірыңғай тестілеу емтиханын тапсыруға кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қалада 6221 адам, яғни түлектердің 79 пайызы тестілеуге қатысады. Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов республика бойынша түлектердің 70 пайызы ҰБТ-ға қатысатынын айтты.

Емтихан ҰБТ-2015 орталықтарының бірі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өтіп жатыр. Білім мекемесі өкілдерінің айтуынша, емтиханға қатысушыларға ауыз суы таратылып, білім ғимаратының айналасына биоәжетханалар орналастырылған. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы аудитория қарастырылыпты. Оқиға орнында өрт сөндіру көліктері кезекшілікте тұр. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі қабылдау пунктінің басшысы Жандос Құмғанбаевтың айтуынша, түлектерді ғимаратқа кізгізген кезде тәртіп бұзу жағдайлары болмаған. Ұялы телефондарды түлектерден алып, ата-аналары мен мектеп директорларына таратып берген. Емтиханға қатысушылар арнайы металл іздейтін құрылғыдан өткізіліпті. "Емтихан аяқталғаннан кейін түлектер бағаларын арнайы стендтен немесе www.testcenter.kz сайтынан көре алады", - деді ол. Еске сала кетейік, биылдан бастап ҰБТ нәтижесі құпия сақталатыны хабарланған болатын.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өтіп жатқан тестілеуге Бостандық ауданындағы 40 мектептің түлектері қатысып жатыр. 1309 адам емтиханға қатысуға өтініш берген. Олар үшке бөлініп, яғни 2, 4 және 6 шілдеде тапсырады. Ұлттық оқу орындарына түсу үшін 70 балдан жоғары жинау керек. Түлектердің ата-аналары балаларының ҰБТ-2015 емтиханын қалай тапсырып жатқанын көру үшін оқу орнының 250 орындық компьютерлік орталығына шақырылды. Сонымен қатар, тестілеуді оқу орнының арнайы сайтынан үйде отырып-ақ көруге болады. Оқу орнындағы интернет-орталықтың әкімшілік қызметкері Светлана Төреқұлованың айтуынша, мұндай жүйе 2009 жылдан бері жұмыс істеп келеді. "Аудиторияларда кескінді Интернет арқылы трансляциялайтын камералар орнатылған. Барлығы да айқын. Көп ата-ана балаларын емтихан аудиторияларына кіргізіп жібергеннен кейін бізге келіп оларды бақылап отыр", - деді ол. Айта кетейк, камераны қозғалтып, кескінді жақындатуға болады.

ҰБТ-2015 қатысушыларының бірінің ата-анасы Замира асқарованың айтуынша, мұндай жүйеөте тиімді. Ол түлектер ана-аналарының жандарында екенін білгені оларға жақсы әсер ететінін атап өтті. "Біз балаларымызды бақылап, оларға қолдау көрсетеміз. Үш сағат бойы бейхабар отырғаннан, бұл өте жақсы.барлық ата-ана бір-бірімізді қолдап отырмыз, мұның маңызы зор. Осы жерден шығып, балаларымызды күтіп ала аламыз. Мен үйде отыра алмас едім", - деді ол. Ол қызының бастапқы уақытта анасының емтиханға келуге қарсы болғанын, кейін келіскенін айтты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети