Елбасы Үкімет жұмысындағы кемшін тұстарды атады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© akorda.kz © akorda.kz

Кеңеске премьер-министр Бақытжан Сағынтаев, Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков, Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев, Үкімет мүшелері мен мемлекеттік органдар басшылары қатысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың сайтына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Кеңеске премьер-министр Бақытжан Сағынтаев, Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков, Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев, Үкімет мүшелері мен мемлекеттік органдар басшылары қатысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан Президенті "100 нақты қадам" ұлт жоспарының іске асырылуы заңның үстемдігі қағидатын нығайтуға, мемлекеттік қызмет сатыларынан өту жүйесін жетілдіруге, бизнестің дамуына жағдай жасауға, қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға, сондай-ақ азаматтар алдында есеп беретін ашық Үкімет қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.

"Бұл бес тармақтың орындалуы Қазақстанның дамыған 30 ел қатарына қосылу кезеңі болып саналады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы мемлекеттік қызметшілерді қызмет нәтижелері бойынша көтермелеудің бонустық жүйесіне көшудің маңыздылығын, Әдеп кодексінің мүлтіксіз орындалу керектігін, өзге өңірге қызмет ауыстыру барысында мемлекеттік қызметкерлерді жекешелендіруге жатпайтын қызметтік баспанамен қамтамасыз ету ісін жандандыру қажеттігін айтты.

Мемлекет басшысы конкурстық іріктеу негізінде мансаптық ілгерілеудің маңызды екеніне тоқталып өтті.

"Төменгі лауазымдағы мемлекеттік қызметкердің конкурс бойынша ілгерілеуі меритократия қағидатын нығайтудың қазіргі тиімді тетігі отыр", - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдарына қызметке қабылдау барысында конкурстық рәсімдерді қолдану қажеттігіне назар аударды.

"Полицияның елімізде қалыптасқан келбеті өзгеруге тиіс. Қызметкерлер азаматтардың сеніміне ие болып, олардың қызметі ең алдымен халыққа көмек көрсетуге бағытталуға тиіс", - деді Елбасы.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы жергілікті полиция қызметінің құзыретін белгілеп, олардың есептілігіне қатысты еліміздің құқық қорғау органдарын жаңғырту мәселелерін қосымша тағы пысықтауды тапсырды.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті "Астана" халықаралық қаржы орталығы жанынан Халықаралық арбитраждық орталық құру жөніндегі жұмыстарды тездету керектігін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік инвесторларды тартудың, сондай-ақ республика бойынша өндіріс күштерін жүйелі түрде бөлудің айрықша мәні бар екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Елбасы әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жөнінде жүргізіліп жатқан реформалардың маңыздылығына тоқталды.

"Мен осы мәселенің шешіміне қатысты ерекше түсіністік танытқандарыңызды қалаймын. Қазіргі кезде қиындықтар бар екеніне қарамастан, бұл - өте прогрессивті бағыт. Халық арасында тиісті дайындық өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет", - деді Мемлекет басшысы.

Кейбір қадамның іске асырылуын талқылау барысында Қазақстан Президенті Үкімет пен басқа да мүдделі органдар жұмысындағы кемшін тұстарды атап өтіп, бұл бағыттағы жұмысты жандандыруды тапсырды.

Сондай-ақ, Елбасы Туристік саланы дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын ішкі туризмнің басымдығы бар бағыттарын ескере отырып жаңартуды тапсырды.

"Өңірлік туризмді ілгерілету үшін барлық күш-жігерді жұмылдыру қажет. Бұл экономикамыз үшін де, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту үшін де маңызды", - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті "Үкімет - азаматтар үшін" бағдарламасы арқылы халыққа көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру жөніндегі жұмыстарды да одан әрі жетілдіру қажеттігін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев кеңеске қатысушыларға Ұлт жоспарының барлық бағыты бойынша жұмысты ілгерілетіп, бақылау жүргізуді күшейту қажеттігін айтты, сондай-ақ басшылардың дербес жауапкершілігі жөнінде ескертті.

Соңында Мемлекет басшысы Қазақстанның экономикасы үшін маңызды жетістіктерге қол жеткізу және еліміздің әр азаматының әл-ауқатын арттыру Ұлт жоспары мен басты мемлекеттік бағдарламалардың түпкі мақсаты болып саналатынын айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro