Жұмыс уақытында шай ішіп, шылым шеккен мемлекеттік қызметкерлер жазаланбайтын болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

ҚР Мемлекеттік қызметтер ісі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіндегілер мемлекеттік қызметкерлердің шай ішіп, шылым шеккен уақыты неліктен бақылануы керек екенін түсіндіріп берді, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Мемлекеттік қызметтер ісі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіндегілер мемлекеттік қызметкерлердің шай ішіп, шылым шеккен уақыты неліктен бақылануы керек екенін түсіндіріп берді, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

Агенттік төрағасының орынбасары Айгүл Шаимованың айтуынша, жұмыс уақытында шай ішіп, шылым шеккен мемлекеттік қызметкерлер жазаланбайды.

"Мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақытын қалай бақылайтынымыз жайлы айтатын болсақ. Өткен аптада осы мәселе бойынша брифинг өткен болатын. Онда біз мемлекеттік қызметтегілердің уақытын тиімді басқарудың жолы жоспарланғанын айтқанбыз. Сол бойынша әрбір мемлекеттік қызметкер өзіндік тәртіпті сақтай отырып, өз уақытын өзі бақылауға дағдылануы қажет. Сәйкесінше, оларға қатысты ешқандай шаралар қолданылмайды. Заңнамалық деңгейде де жұмыс уақытында шай ішіп, шылым шеккен мемлекеттік қызметкерлерге қатысты ешқандай талаптар енгізілмейді", - деді ҚР Мемлекеттік қызметтер ісі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары.

Айта кетейік, осыған дейін ҚР Мемлекеттік қызметтер ісі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіндегілер мемлекеттік қызметкерлердің шай ішіп, шылым шегетін уақытқа кетуін бақылауға алудың мүмкін екенін айтқан болатын. "Жұмыстан тыс уақытта атқарылатын жұмыс жайлы айтатын болсам. Әрине, мемлекеттік қызметкерлердің көбісінің жұмысын қайта отырып істейтіні барлығына мәлім. Мұндай жағдайлар кездесті. Бірақ мемлекеттік қызметтегілерге қатысты жаңа жүйе енгізілгеннен бері мемлекеттік органдарда уақытты тиімді басқару мәселесі қаралып жатыр, яғни қызметкерлердің жұмыстағы уақытын санап отыру жайлы. Бүгінде мемлекеттік қызметкерлердің жұмыста тек компьютер алдында отырып, жұмыс істеуден басқа олардың шылым шегуге, шай ішіп келуге шығатыны белгілі. Сондықтан да олардың жұмыс кезінде кіріп-шыққан уақытын, нақты жұмыс уақыты қанша екенін санап, уақытты тиімді басқара алатындай жүйені енгізу қажет", - деген еді Шаимова.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro