Қазақстанда мәслихаттың 59 жаңа депутаты сайланды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©visti.ks.ua ©visti.ks.ua

Қазақстанда мәслихаттың жаңа депутаттары сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап. Дауыс беру еліміздің 14 аймағында 29 наурыз күні 252 сайлау учаскесінде өтті. Дауыс берушілердің қатары 81,7 пайыздан асты.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда мәслихаттың жаңа депутаттары сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап. Дауыс беру еліміздің 14 аймағында 29 наурыз күні 252 сайлау учаскесінде өтті. Дауыс берушілердің қатары 81,7 пайыздан асты.

Астана мәслихатының бір депутаты, облыстың 8 депутаты, 10 қалалық және 40 аудандық мәслихаттың депутаттары таңдалды. "Сайлау науқаны барысында барлығы 196 кандидат ұсынылды. Олардың 60-ын саяси партиялар ұсынды, 136-сы - өзін-өзі ұсынғандар. Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттар депутаттығына кандидат ретінде 179 адамды тіркеді. Жалпы республика бойынша сайлау бюллетеньдеріне 167 кандидаттың тегі енгізілді. Бір депутаттық мандатқа орташа бәсекелестік шамамен 3 үміткерді құрады", - деп хабарлады Оталық сайлау комиссиясындағылар. 2015 жылы 29 наурызда 252 сайлау учаскесінде дауыс берілді.

Дауыс беру барысы мен дауыстарды санау рәсімін кандидаттардың сенім білдірген адамдары, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің және БАҚ өкілдері, барлығы 447 адамның байқауды жүзеге асырғаны хабарланды. Мәслихаттардың сайланған депутаттарының құрамында 43 ер адам мен 16 әйел адам бар. Мәслихаттардың сайланған депутаттарының орташа жасы - 45. Олардың 98,3 пайызының жоғары, 1,7 пайызының арнаулы орта білімі бар. "28,8 пайызы мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда, 50,8 пайызы коммерциялық құрылымдарда жұмыс істейді, 20,3 пайызы - саяси партиялар мен ҮЕҰ қызметкерлері. Жалпы, сайлау науқаны сайлау заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес өтті. Ортсайлаукомға шағымдар мен өтініштер келіп түскен жоқ", - деді Орталық сайлау комиссиясындағылар. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course down  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro