Мамин Royal Dutch Shell концернінің өкілдерімен кездесті

viewings icon 459 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© primeminister.kz © primeminister.kz

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Royal Dutch Shell концернінің өкілдерімен ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Royal Dutch Shell концернінің өкілдерімен ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Royal Dutch Shell концернінің өкілдері "Халықаралық барлау және өндіру" бөлімшесінің директоры Эндрю Браунмен, терең сулы жобалар жөніндегі атқарушы вице-президент Уаэл Сауанмен, бірлескен кәсіпорындар мәселелері жөніндегі атқарушы вице-президент Хералд Схотманмен кездесу өткізді.
 
Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың көптеген мәселелерін талқылады. Мәселені талқылауға ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев қатысты.

Э. Браун компания Қазақстан аумағында жобаларды іске асыруға қатысуды тереңдетуге және іс-қимылды одан әрі кеңейте түсуге мүдделі екенін хабарлады. Қашаған және Қарашығанақ кен орындарын игеру бойынша бірлескен қызмет, "Жемчужина" учаскесінде "Қаламқас" және "Хазар" ұңғымаларындағы жұмыстарға қатысу мәселелері қаралды.

Компания үшін перспективалық бағыттардың бірі - энергияның баламалы көздерін дамыту. Royal Dutch Shell Тараз қаласында күн электр станциясын салу жобасы жүзеге асырылып жатыр. 

ҚР Үкіметінің басшысы Асқар Мамин компанияның ірі инвесторлардың қатарында екенін атап өтті. Бүгінде елімізде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету шаралары күшейтілуде және инвесторлардың құқықтарын қорғау тетіктері нығайтылып жатыр.

Кездесудің соңында тараптар өзара іс-қимыл салаларын кеңейтуге және жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниет білдірді.

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course down  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы
17°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю