Ноғаев жолаушылар тасымалы саласында бақылауды күшейтуді тапсырды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев аймақтағы қоғамдық тасымалмен айналысатын автопарктердің иелерімен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев аймақтағы қоғамдық тасымалмен айналысатын автопарктердің иелерімен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде Атырау облысында жолаушылар тасымалымен 15 жеке компания айналысады, оның 9-ы облыс орталығында қызмет көрсетеді, 30 бағытқа 190 автобус тартылған.

"Өткен жылы лизингтік несие бағдарламасы бойынша 91 автобус алынды, бірақ Атыраудағы қоғамдық көлік жетіспеушілігі проблемасын шешу үшін тағы 150 автобус керек. Осы бағыттағы жұмыстар жүріп жатыр, алдағы жылдары мәселе шешіледі", - деді жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы Әсет Оразғалиев.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңірде қоғамдық көлікті дамыту тұжырымдамасы табысты жүзеге асып жатқанын атап өтті. Автопарк жаңартылып, электронды билет жүйесі енгізілген. Биыл қаладағы 11 көше қайта жаңғыртылады, жаңа аялдамалар орнатылады. Қоғамдық көлік саласындағы субсидиялау нәтижесінде кондукторлар мен жүргізушілердің еңбекақылары көтерілді.

"Тұрғындар тарапынан қоғамдық көлік қызметіне, кондукторлар мен жүргізушілердің дөрекіліктеріне қатысты шағымдар бар. Бақылауды күшейтіп, орын алған мәселелерді уақытылы шешу керек. Жолаушылардан әлеуметтік желілердегі шағымдар азайып келеді, бірақ бар, бұл әлі де осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру керектігін көрсетеді", - деді жиналғандарға Нұрлан Ноғаев.

Атырау облысы аудандарында жолаушылар тасымалына қатысты жұмыстар көңіл көншітпейді. Жолаушылар автобусы тек Жылыой ауданына қатынайды. Басқа аудандарға такси ғана жүреді.

"Облыстың барлық аудандарында қоғамдық көлікті субсидиялау мәселесін қарастыру қажет. Мысалы, Исатай, Махамбет, Индер аудандарына баратын жолдардың жағдайлары жақсы, осы бағыттарға жайлы автобустар шығару керек. Ауыл тұрғындары тарапынан сұраныс жоғары болатынына сенімдімін", - деді аймақ басшысы.

Жиналысты қортындылаған Нұрлан Ноғаев қарамағындағыларға қоғамдық тасымал саласында бақылауды күшейтуді тапсырды. Автобустардың қатысуымен болатын ЖКО азайтып, жаңа көлікті күтіп ұстау, жолаушыларға жайлы жағдай жасау мақсатындағы жұмыстар қатаң қадағаланады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro