Қазақстандықтардың "7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотекаға ай сайын қанша теңге төлейтіні айтылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фотоколлаж © Тengrinews.kz Фотоколлаж © Тengrinews.kz

Жаңа "7-20-25" бағдарламасы бойынша төлемдердің шамалы құнының қандай болатыны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ОКҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жаңа "7-20-25" бағдарламасы бойынша төлемдердің шамалы құнының қандай болатыны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ОКҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президентінің "Бес әлеуметтік бастамасын" іске асыру тақырыбы талқыланған дөңгелек үстелде ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов жаңа "7-20-25" бағдарламасының артықшылықтарын мысалдармен келтіріп, айтып берді.

"Мысалы, пәтер 12 миллион теңге тұратын болса, оның алдын ала төлемін (20 пайыз) төлеу үшін 2,4 миллион теңге қажет болады, ал қалған 9,6 миллион теңгені банк 25 жылға 7 пайызбен береді. Сөйтіп, ай сайынғы төлемнің көлемі 68 мың теңге болады", - деді Мархабат Жайымбетов.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляковтың айтуынша, екінші деңгейлі банктердің барлығы бұл жобаға қатысатын болады.

Бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында "7-20-25" атты жаңа бағдарламаны ұсынған болатын. Бұл бағдарлама кез келген қазақстандықтың несиеге пәтер алуына мүмкіндік береді. "7-20-25" ипотекалық кредит беру бағдарламасы биыл мамырда бекітіледі деп жоспарланып отыр

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course down  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro