Америкалық ер адам 2001 жылғы 11 қыркүйекте болған террорлық шабуылдар кезінде, содан кейін таяуда Парижде болған терактілер кезінде аман қалған, - деп хабарлайды The Telegraph. 32 жастағы ер адам өзінің адам сенгісіз оқиғасы жайлы "Батаклан" театрынан шыққаннан кейін тілшілерге айтып берген.

11 қыркүйектегі террорлық актілер кезінде өзін Мэтью деп таныстырған ер адам егіз ғимараттың бірінің кіреберісінде тұрыпты. Ол осы ғимаратқа жұмыс бабымен келген екен. Жарылыс болған сәтте ол қауіпті аймақтан шығып үлгереді. "Мен Мэнхэттеннің бойымен жүгірдім. Бірақ "Батакланда" болған оқиға мың есе қорқынышты болды", - дейді ол.
Мэтью театр ішінде концерт көргенін айтып берді, сол уақытта театрға лаңкестер кіріп келіп, адамдарды ата бастаған. Америкалық мұнда да кіреберісте тұрыпты, аяғына оқ тиіпті. "Атыс бірер сәтке тоқтаған кезде мен сантиметрлеп еңбектеп шыға бердім. Содан кейін әрең дегенде есікті ашып, сыртқа шыққаннан кейін ес-түсімді білмей құлап түстім", - деді америкалық.
Еске сала кетейік, 14 қарашаға қараған түні Парижде белгісіз біреулер ең алдымен қаладағы мейрамханалардың біріне шабуыл жасады. Сонымен қатар, Франция-Германия матчы өтіп жатқан "Стад де Франс" стадионының маңынан да жарылыстың дыбысы естілді. Лаңкестер "Батаклан" театрында адамдарды кепілге алды. Соңғы дерек бойынша, 129 адам қаза тауып, 350 адам жарақаттанды. Жеті лаңкестің көзі жойылды.