26 қыркүйек 2015 | 23:34

Сауд мүфтиі: Меккедегі қажылықта болған төтенше жағдайдың алдын алу ешкімнің қолынан келмес еді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауд Арабиясының бас мүфтиі 24 қыркүйекте қажылықта болған төтенше жағдайдың алдын алу ешкімнің қолынан келмейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды BBC Русская служба. Сонымен қатар, ол ішкі істер министрі, қажылық жөніндегі комитетті басқаратын Мұхаммед бин Найефке қайғылы оқиғаға оның жауапкершілік артпайтынын мәлімдеді.  

Иконка комментария блок соц сети

Иранның ұлттық қауіпсіздігінің жоғарғы кеңесі Сауд Арабиясының билігін құзырсыз деп айыптап, жүздеген адамның қазасына жауапкершілікті алуға шақырды. Иран мен тағы басқа елдер Сауд Арабиясын қажылыққа барғандардың қауіпсіздігі үшін міндетті шаралармен қамтамасыз етпеді деп айыптап отыр. Қаза болғандардың 131-і Иран азаматы болған.

Салман король Мекке мен Мәдинадағы барлық қауіпсіздік шараларына тергеу жүргізуді тапсырды. BBC мәліметінше, соңғы тоғыз жылда қажылық айтарлықтай тосын жайларсыз болған. Осыған дейін Мекке маңында қаза тапқандардың санының 2 мыңға жеткені хабарланған еді. Бұл туралы Иранның қажылық сапарды ұйымдастыру ұйымының басшысы Саид Охади Сауд Арабиясындағы дереккөздерге сілтеме жасай отырып хабарлаған. Мұндай жағдайдың соңғы 25 жылда болмағаны хабарланып отыр. БАҚ-тың мәліметінше, қажылыққа барғандардың екі тобы 46 градус ыстықта Мекке маңындағы бесқабатты көпірдің алдында қиылысып қалып, содан адамдар жаппай қысылған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети