Оралда жолаушылар автобусы электр сымдары жүргізілген үш бағанды соғып кетті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©mgorod.kz ©mgorod.kz

Оралда жолаушылар автобусы электр сымдары жүргізілген үш бағанды соғып кетті, деп хабарлайды "Мой Город".

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Оралда жолаушылар автобусы электр сымдары жүргізілген үш бағанды соғып кетті, деп хабарлайды "Мой Город".

Жолаушылар автобусының артында келе жатып бұл оқиғаны видеотіркегішке түсіріп алған куәгерлердің айтуына қарағанда, төтенше жағдай 8 қараша күні 21.30-да Селекционный ауылында болған. Видетіркегіш иесінің айтуына қарағанда, жолаушылар автобуысы сағатына 90 шақырым жылдамдықпен жүрген. "Жолаушылар автобусының жүргізушісі мас болса керек, себебі, автобусты дұрыс басқара алмай келді - автобус жолдың бір бағытында жүрмей, қарсы бағытымен де қозғалды. ЖҚК зауыты маңында жүргізуші жылдамдықты төмендетпей автобусты бұрып жіберді", - деп жазады дереккөз. 

Жолаушылар автобусы жасыл түстен өткеннен кейін қарсы бағытқа шығып кетті. Содан соң жолдың жиегіне шығып қоғамдық көлік электр сымдары жүргізілген бағанға барып соғысты. Кейін автобус соғысқан баған қатарласа тұрған екі бағанды жұлып кетті. "Кейбір куәгерлер қоғамдық көліктен 43 бағыттың белгісі болғанын айтса, енді бірі №12 бағыттың белгісін көргенін айтады. Төтенше жағдай кезінде автобустың ішінде өз-өзін жүргізушінің досымын деп таныстырған бір ғана жолаушы болған", - деп хабарлайды дереккөз. Кәугерлердің айтуына қарағанда, жүргізушіні автобустың ішінен оқиға болған жерден өтіп бара жатқан адамдар шығарған. Оны жедел жәрдем алып кеткен. 

Еске салайық, 25 қазан күні таңертең сағат 09:00 Қарағанды-Балқаш автокөлік жолында жолаушылар көлігінің қатысуымен жол көлік апаты болған еді. Шет ауданынан келе жатқан жолаушылар автобусының жүргізушісі автобусты басқара алмай қалған. Облыстық "Жедел жәрдем медициналық көмек" станциясының мәліметінше, жол апаты салдарынан зардап шеккен бес жолаушы ауруханаға жеткізілген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro