09 шілде 2014 | 21:31

Ағылшын жанкүйері Бразилия – Германия матчының есебін дәл тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

ӘЧ-2014: Ағылшын жанкүйері әлем чемпионатының жартылай финалындағы Бразилия және Германия құрамалары арасындағы матчтың есебін дәл тапқан, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

ӘЧ-2014: Ағылшын жанкүйері әлем чемпионатының жартылай финалындағы Бразилия және Германия құрамалары арасындағы матчтың есебін дәл тапқан, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ағылшын графтығы Эссекс тұрғыны әлем чемпионатының жартылай финалында "Германия 7:1 есебімен жеңіске жетеді" деп, бес фунт (шамамен 1500 теңге) тіккен. Ал оның коэффициенті 500-ге тең болған. Бағы жанған адамның ұтысы 2500 фунтқа (шамамен 790 мың теңгеге) жеткен. Тағы бірнеше адам бірінші таймның есебін дәл тауып, төрт таңбалы сома көлемінде ұтысқа ие болған.

Естеріңізге сала кетейік, Германия құрамасы 2014 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Бразилия футболшыларын 7:1 есебімен күйрете жеңді, ал бірінші таймда 5:0 есебімен үстемдік танытты.

Енді немістердің финалдағы қарсыласы Нидерланды мен Аргентина арасындағы екінші жартылай финалдық матчта анықталады. Бұл ойын бүгін түнде, Астана уақытымен сағат 02:00-де басталады. Оны тікелей эфирде "Қазақстан" мен KazSport телеарналары көрсетеді.

Осы ретте айта кетейік, бұл 2014 жылғы әлем чемпионаты кезіндегі бірінші таңқаларлық ұтыс емес. Бұған дейін испан жанкүйері Испания – Голландия матчының есебін дәл тауып – 1:5 – бағалы сыйлық ұтып алған болатын.

Ал Норвегиядағы бір жанкүйер Уругвай құрамасының шабуылшысы Луис Суарес 2014 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі соңғы матчта Италия құрамасы ойыншыларының бірін тістеп алады деп ақша тіккен болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети