2014 жылғы әлем чемпионатында Бразилияның жеңіліске ұшырауына Rolling Stones рок-тобының лидері Мик Джаггер кінәлі деп жазғырылуда, - деп хабарлайды Independent. Бразилия фанаттарының айтуынша, қашанда әйгілі музыкант жанкүйер болған командалардың барлығы сәтсіздікке ұшырап отырған.
2014 жылғы әлем чемпионатында Бразилияның жеңіліске ұшырауына Rolling Stones рок-тобының лидері Мик Джаггер кінәлі деп жазғырылуда, - деп хабарлайды Independent. Бразилия фанаттарының айтуынша, қашанда әйгілі музыкант жанкүйер болған командалардың барлығы сәтсіздікке ұшырап отырған.
Джаггер Белу-Оризонтидегі стадионда өткен Бразилия мен Германия арасындағы матчта болған. Рокер 2014 жылғы әлем чемпионаты қожайындарына қолдау көрсетіп отырған, алайда бұл матчта 7:1 есебімен немістер басым түсті.
Осы ойыннан кейін жанкүйерлер Джаггерге Pé Frio деген лақап ат қойған. Бұл қазақшаға аударғанда "суық аяқ" деген мағынаны білдіреді. Бразилияда жолы ауыр адамдарды осылай атайды.
Rolling Stones лидеріне "футболдағы сәтсіз жан" деген жаман атақ 2010 жылы Оңтүстік Африкада өткен әлем чемпионаты кезінде берiлген. Онда ол Англия, АҚШ және Бразилия құрамаларының жанкүйері болған, бірақ үшеуі де жеңіліске ұшыраған болатын.
Биылғы мамырда Лиссабонда өткен концертінде Джаггер 2014 жылғы әлем чемпионатыныңда Португалия жеңімпаз атанады деп мәлімдеген болатын. Алайда бұл елдің құрамасы өз тобынан да шыға алмай, жер шұқып қалды.
Біраз уақыттан кейін Римде өткен концертінде, 70 мың көрерменнің алдында музыкант Италия Уругваймен өтетін матчта жеңіске жетеді деп, өз пікірін білдірді. Бірақ бұл жолы да оның болжамы дұрыс шыққан жоқ, италиялықтар 0:1 есебімен ұтылып қалып, әлем чемпионатынан ерте қайтуға мәжбүр болды.
Бұған қоса, ағылшын футболшыларының Уругвай құрамасымен кездесетін ойыны алдында Джаггер Twitter-дегі өз блогына Англия құрамасының жанкүйері болатындығын жазды. Алайда әлем біріншілігіндегі бұл матч та Джагердің "сүйікті командасының" жеңілісімен аяқталды.